1 Дәріс. Теңіздік геодезияның мақсаттары. Теңіздегі геодезиялық жұмыстардың ерекшелігі



бет7/17
Дата07.02.2022
өлшемі244,95 Kb.
#84608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Морская геодезия УМКД

Үнді мұхиты. Үнді мұхитының материктік қайраңы аз тілімденген платформалық облыстарға жатады. Оның ені үлкен емес, Африка жағаларында 16км-ден аспайды.
Үнді мұхитының орташа тереңдігі Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай, бірақ абсолюттік тереңдігі жөнінен (7729 м) олардан көп кейін тұр. Түрлі тереңдіктердің үлесі төмендегідей: Құрлықтық қайраң енсіз (100 км-ден аспайды), тереңдігі 50 — 200 м, тек Антарктида жағалауында ғана 300 — 500 м-ге дейін барады. Құрлықтық беткейді кей жерлерде өзен аңғарларының (Инд, Ганг,Брахмапутра, Замбези, т.б.) су астындағы жалғасы және терең каньондар тілімдеген. Мұхит ортасы жотасы айқын көрінеді, бірақ орта тұсынан батысқа қарай ығыса орналасқан. Ол Арабия-Үнді және Батыс Үнді су асты жотасынан құралған. Мұхит ортасы жотасынан оңтүстік-шығысқа Орталық Үнді және Австралия-Антарктида, оңтүстік-батысқа Африка-Антарктида су асты жоталары тарайды. Мұхиттың дәл ортасын бойлап меридиан бағытында 5000 км-ге Шығыс Үнді су асты жотасы созылып жатыр. Су асты жоталары мен қыраттары мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Бастылары: Сомали, Орталық және Батыс Австралия, Африка-Антарктида, Австралия-Антарктида.
Солтүстік-шығысында мұхит түбінің өтпелі белдемінде, Зонд топаралы тізбегіне іргелес Зонд шұңғымасы өтеді (тереңд. 7729 м). Қазаншұңқырлардың түбі құрлыққа таяу бөлігінде аккумулятивтік жазықты құрап, мұхиттың орт. бөлігінде төбелі жазық түрінде көрінеді. Мұхит шарасында жанартаулар көп таралған, олар кей жерлерде ірі массив түрінде шоғырланады немесе тізбек түзеді. Құрлықтық беткейдің етегінде жиналған терригендік шөгінділер қалыңд. 3 — 4 км-ге дейін баратын қабаттар құрайды. Мұхиттың неғұрлым терең орта тұсында тұнған қызыл саздың қалыңд. 100 м-ден аспайды. Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр. Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).
Солтүстік Мұзды мұхит – Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы – 14,75 млн км², суының көлемі – 18,07 млн км3. Орташа тереңдігі – 1225 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың орта тұсында Солтүстік полюс орналасқан. Солтүстік полюс маңы толығымен Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері, Еуразия мен Солтүстік Америка құрлығының жағалауын қоса Арктика деп атаймыз. Қыс айларындағы ауа температурасының төмен болуына қарай Солтүстік Мұзды мұхит толығымен мұз құрсауында болады.
Солтүстік Америка және Еуразия материктерінің жағалауларын шайып жатыр. Мұхит үш акваторияға бөлінеді: Арктикалық алап, Солтүстік-Еуропалық алап, Канадалық алап. Солтүстік Мұзды мұхит полярлық географиялық орнына сәйкес көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі – ол басқа мұхиттарға қарағанда терең емес.
Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м-ден аспайды. Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі аралдар көп. Ең үлкен аралы – Гренланд. Мұхиттың ортасында терең қазаншұңқыр бар, оны Ломоносов жотасы екіге бөліп тұр.
Гидрологиялық режимі. Солтүстік Атлант ағысының тарамдарының ықпалы мұхит суына әсер етеді. Керісінше, Арктикалық суық су ағыны Лабродор мен Шығыс Гренланд суық ағыстарымен қосылады. Тынық мұхитпен су алмасу жоққа тән. Еуразия мен Солтүстік Америка құрлығынан шыққан өзендер мұхитқа тұщы су құйып, оның тұздылығын төмендетеді. Мұхит полярлық географиялық жағдайына орай Арктикалық алабының орталығында мұз жабыны жыл бойы ерімей жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздері: Баренц теңізі, Кар теңізі, Лаптевтер теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Норвег теңізі.
Антарктида зонасы. Оңтүстік мұхит (Оңтүстік мұзды мұхит) — Антарктиданы қоршап жатқан үш мұхит суларының (Тынық мұхиты, Атлант мұхиты және Үнді мұхиты) шартты атауы және ресми түрде аумағы белгіленбеген «бесінші мұхит». Шартты аумағы 20,327 млн км². Ең төменгі нүктесі (Оңтүстік-Сандвичев астаушасы) — 8428 м.
Ғалымдар көптеген уаңыт бойы Жерде төрт мұхит бар деп келген. Алайда 2000 жылдан бұл қатарға бесінші, «Оңтүстік» деп аталған мұхит қосылды. Оңтүстік мұхит айдыны Атлант, Үнді және Тының мұхиттарының оңтүстік бөліктерін қамтиды. Ол Антарктиданы түгелдей қоршап жатыр. Оңтүстік мұхиттың температурасы -2 градустан 10 градусңа дейін өзгеріп тұрады. Мұхитта циклондық дауылдар да болып тұрады. Мұхиттың ең терең жері - Оңтүстік Сендвич шұңғымасы . Оңтүстік мұхит антарктикалың поляр аймағының 36 миллион шаршы шақырым аумағын алып жатыр. Бұл мұхиттың айдынынан жылдың қай мезгілінде де мұзтауларды кездестіруге болады. Мұхиттың бетінде 20 миллион шаршы шаңырым мұз пайда болады. Бұл аймақтағы тіршіліктің бәрі мұхит пен теңіз суына тәуелді болғандықтан, ол мұз Антарктиданың табиғат айналымына үлкен әсер етеді. Геологиялың тұрғыдан алғанда, Оңтүстік мұхит - мұхиттардың ең жасы. Ол 30 миллион жыл бұрын Антарктида мен Оңтүстік Американың бөлініп, Дрейк бұғазын түзуінің нәтижесінде пайда болды.
Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - дәрілердің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.
Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады.
Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.
Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет