§ 3. Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.
Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.
Қабылдаудың құрылымдылығықабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.