1. ДӘрістер бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Тілдің шығуы туралы пікірлер жинақтаңыз



бет76/78
Дата14.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#100494
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
lektsii v platonuse

Тілдің шығуы туралы пікірлер жинақтаңыз 


2. Тілдің дамуы жайлы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6. 
Қосымша әдебиеттер тізімі: 7,9,37,40,43

10- дәріс 
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДАМУЫ 
1. Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы 

2. Тілдердің өзара байланысы 
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер меи Гумбольдтың ұстанған бағыты тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияга (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.

Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс пен салаларының заңдылықтарына байланысты. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.

Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу. субстрат. адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз техникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз - жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халыктардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тілдің тоғысуы дегеніміз не?

2. Тоғысу. субстрат. адстрат, суперстрат терминдеріне түсінік беріңіз


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер тізімі1,5,6.

Қосымша әдебиеттері тізімі; 1,9,28,46,52 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет