1. Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері


Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)



бет11/12
Дата08.02.2022
өлшемі38,43 Kb.
#119600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1. Ежелгі д уір ілімдеріндегі саясаттануды элементтері

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Қазақтың көрнекті ағартушысы Ы.Алтынсарин оқушыларға білім беру мен оларды кемелдендіру мақсатындағы мұғалім мен оқушының бірлесіп, біріге жасайтын қызметін және қарым-қатынастарының амал-тәсілдерін әдіс деп атайды. Оқымыстының дүниетанымдық және тәлім-тәрбиелік идеялары XIX ғасырда қазақ халқының тәлім-тәрбиелік, ұлттық құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді. Дегенмен, сол кезеңдерде қазақ зиялыларының ағартушылық ой-пікірлерінің дамуы, өзіндік идеяларын жариялау мүмкіндіктері биік деңгейде болмағаны белгілі. Соған қарамастан ұлт ағартушылары, педагог – ұстаздары өз еңбектерін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізіп, педагогикалық тың мәселелерді көтере білді. Қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық негіздерін педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы деңгейінде құра білуі, білім мен тәрбие беру, оқыту принциптерінің негізгі құрамдас бөліктерін өміршең мәнде дәлелдеуі ғұламаның сол кездегі үлкен жетістіктері болды. Қазіргі жоғары оқу орындарындағы кіріктіре оқыту (интеграция) әдісін Ы.Алтынсарин өз тәжірибесінде сол тарихи кезеңнің өзінде пәрменді және сапалы қолдана білгенін атап өткеніміз абзал.
Ы. Алтынсарин терең ағартушы ретінде оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына ерекше мән бергенін атап өтуге болады. Әрине, сапалы оқу үшін инемен құдық қазғандай ыждағаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал енді оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ пен қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (Мәселен, «Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап; Надандықтың белгісі Еш ақылға жарымас»). Адам үшін оқу, білімнің өмірдегі пайдасы қандай, ол неге керек? Деген мәселеге келгенде, оның нағыз өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (Мәселен, «Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу; Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ағартушы-ақынның«Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасып тапқаны белгілі. Дүниеде өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдін талап-тілектері қандай болуы мүмкін деген секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады (Мәселен, «Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).
Қазақ ағартушысы Ыбырайдың орыстың көрнекті зиялысы Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы, халықтың тұрмысына ыңғайлы шаруашылығына қолайлы болып, халықтың қалың бұқарасын қамтуы үшін ауылдарда, болыстарда, уездерде ашылуы және жергілікті жағдайға сай құрылуы керек. Ағартушы мектептер үлгілі, тәртіпті, көрнекі, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдениағарту жұмысының орталығы, «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс деген ойды тұжырымжайды.
Қазақтың атақты ағартушысы, әрі өз халқының шынайы патриоты өз халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім – ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектептерді ашумен байланыстырды. Сондықтанда ол өз заманында: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты кұралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана» деп жазды. Міне ойшыл ағартушының ой-тұжырымдарының астарында қазақ елінің болашағына, ұлттық бірлігіне деген сенім жатқанын байқаймыз.
Қазақстанның XIX ғасырға дейінгі қоғамдық-саяси ой-пікірінде өз халқының барлық рухани-адамгершілік құндылықтарын жинаған Абай айрықша орын алады. Оның әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуына Шығыстың философиялық-саяси ойы ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет