1. Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері


Шоқан Уәлиханов (1835–1865 жж



бет10/12
Дата08.02.2022
өлшемі38,43 Kb.
#119600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1. Ежелгі д уір ілімдеріндегі саясаттануды элементтері

Шоқан Уәлиханов (1835–1865 жж.) өз заманының еуропаша білім алған, талантты ғалымы, жаһангері және қазақ саяси әлеуметтік ойларының эволюциясына үл кен үлес қосқан азаматы. Шоқанның дүниетанымы мен рухани жетілуіне өскен ортасы мен Омбы қаласындағы кадет корпусында оқып жүргендегі қазақ даласына патша үкіметіне саяси жағынан сенімсіз деп табылған орыс зиялы қауымымен араласып, достасуы және Батыс Сібір генералгубернаторы Гасфорттың адьютанты болып қызмет етуі ерекше із қалдырды.Шоқан орыс армиясының офицері ретінде патшаға адал қызмет атқарды. Патша өкіметі жасақтаған керуенмен Қашқарияға саяхат жасап келді. Сырт әлемге есігін тарс жауып отырған Қашқар Үкіметі туралы алғашқы құнды материалдарды жинақтаған да – Шоқан.Орыс патшасы Оңтүстік Қазақстан, ұлы жүз қазақтары территориясын өз иелігіне қарату үшін Генерал Черняев бастаған арнайы әскери экспедициясын құрайды. Экспедиция құрамына Шоқан Уәлиханов та енген болатын. Бірақ ол патша генералының жергілікті халықты бағындырудағы ұстанған саясатын көргенде, экспедициядан бас тартып бөлініп кетеді. Осы жолғы жағдай Шоқанның патшаға деген сенімін біржолата үзді және ол патшаның отарлау саясатының мақсатын түсінді. Қазақ даласындағы патша Үкіметінің өктемдігі мен озбырлығын өз көзімен көрген Шоқан өз достарына жазған хаттарында «…халықты ашықтан-ашық аямай сорды» – дейді.
Шоқанның саяси портретін аша түсетін – «Сот реформасы туралы» еңбегі. Бұл еңбекте ол қазақ даласында жасалмақ болып жатқан реформаның мән-мақсатына тоқталады. «Адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ» – дейді. Сонымен қатар, ол реформа барысында реформатор сол елдің менталитетіне назар аударып, ескеру керек деп есептейді.
Шоқан сот реформалары туралы еңбегінде патша үкіметі тағайындаған соттардан гөрі, бұрыннан қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтын тиімдірек деп есептейді. Сондай-ақ, ол әкімшілік реформалау кезінде патша үкіметі округ басшыларын жергілікті салт-дәстүрді қанық білетін қазақтардан сайлау керек деп түсінеді. Осы мақсатта өзі 1862 жылы Атбасар округінің аға сұлтандығын сайлауына қатысады.Ондағы ойы билік жүйесін жақсартуда оқыған, көзі ашық билеушінің пайдалы екендігін дәлелдеу еді. Бірақ өкінішке орай сұлтандыққа өтпей қалады.Шоқанның бұл идеясы сол замандағы Ресей мен Еуропадағы «ағартушы билеуші» идеясының нақты көрінісі еді.
Шоқан Уәлиханов этнограф ретінде өзінен кейін қырғыздардың «Манас» дастаны, «Елдегі мұсылмандық туралы», «Қазақ шежірелері», «Құлжа күнделіктері» және тағы басқа да тамаша еңбектер қалдырды.
Шоқан Уәлиханов қазақ саяси тарихында өз орны бар «жарқ етіп ағып өткен жарық жұлдыз» болды десек қателеспейміз.
ХІХ ғасырдың аяғында қазақ даласына ақырындап капиталистік қатынас ене бастады. Жаңа заманмен бірге ел арасына жаңа дәстүр мен жаңа саяси өзгерістер қатар келді. Осы кезде қазақ ұлтының ішінен шыққан зиялы азаматтар «ел келешекте қай бағытта дамиды, елдігіміз не болады» деген сұрақтармен саяси аренаға шықты. Ұлт зиялылары көтерген осы мәселелер қазақ дәстүрлі қоғамының ғасырлар бойы сақталып келген құндылықтарын шайқалта бастады. Екіншіден, ескіше сауатын ашып, кейіннен Орталық Ресейде білім алған ұлт зиялылары Ресейдегі болып жатқан саяси дүрбелеңнің қақ ортасында жүрді. Ресейдегі әр түрлі саяси партияларға қатысып, саяси жағынан шыңдалған азаматтар келешекте қазақ саяси ойларының дамуына, Алаш қозғалысы мен Алашорда ұлттық үкіметін құруда ерекше рөл атқарды. Сол кездегі ел ішіндегі ауыртпалықты көріп, сезген ұлт зиялылары заманның ащы шындығын көрсету үшін, халықтың санасын ояту үшін ағартушылық бағытты ұстанып, алғаш рет қазақ даласында «Айқап» газетін шығара бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет