1. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы


Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу



бет12/15
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#86000
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1 (1)

15 Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу
https://cyberleninka.ru/article/n/politicheskaya-stabilnost-osnovnye-podhody-k-analizu-ustoychivosti-politicheskih-sistem
16. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері +
17. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы
Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет