2.Орта ғасырлардағы араб-ислам және батыс-еуропалық идеялар. Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері. Азияның мұсылмандық ортасындағы ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар қалыптасуының негізгі ерекшеліктері. Исламның саяси-құқықтық идеологиясы. Құран мен Сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізгі қайнар көзі ретінде. Негізгі бағыттар мен секталардың саяси-құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм. Әл-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттің пайда болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Мемлекет басшысының қажетті мінездемесі және оның ролі. Жетілген мемлекет туралы көзқарастар. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері» . Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімдері. Халифат теориясы. Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.