1. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы


Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар



бет4/15
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#86000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1 (1)

4.Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, математигі, физигі, музыка зерттеушісі Әбу Наср Мұхаммад Ибн Тархан әл- Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160- тан астам трактат жазған. «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы», «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
Қайырлы –халықты бақытқа апарады.
Қайырымсыз- мұнда теріс әрекеттер болады.
Әл –Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ол ақын, философ, қоғам қайраткері болған. «Құтадғу біліг» деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адмның тағдыры, қоғамдағы орны мен ролі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар- Қасым, Есім, Тәуке хандар. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшылы Шоқан Уәлиханов ғалым, ағартушы- демократ, саясатшы, этнограф. Халықты патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық –зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат мүддесі деп білді. Шоқанның ойынша халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді.
Саясатқа атсалысқан тұңғыш ұстаз- Ыбырай Алтынсарин халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп төстеушілердің қысым- қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш –жігерін олардың білімін көтеруге арналған. 1887 жылы Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы Абай Құнанбаев қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік керектігіне назар аударды. Ол адамның «ақыл,ғылым,қайрат» арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет