1. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы


Билік құбылысы, генезисі, мәні, анықтамалары



бет5/15
Дата07.02.2022
өлшемі23,42 Kb.
#86000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1 (1)

5. Билік құбылысы, генезисі, мәні, анықтамалары
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Билік — саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады. Билік — адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде билік бар, билік бар жерде қоғам бар. Билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам қажет. Қоғамның бүкіл саяси өмірі осы билік айналасында өтеді.
Билік — ең алдымен оның объектісі мен субъектісі бар болған жағдайда жасалынатын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Биліктің субъектісі белсенді, бағыттаушы бастама. Биліктің субъектісі — индивид, ұйым, әлеуметтік қоғамдастық, топтар, мемлекет т.б. бола алады. Биліктің объектісі — жеке адамдар, олардың бірлестіктері, топтар, қауымдастықтар, таптар т.б., яғни саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.
Билік құбылыс ретінде — біреулердің екіншілерге (немесе бірдеңеге) өз еркін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына, мінез-құлқына түрлі құралдар арқылы (бедел, құқық, күш т.б.) ықпал ете алу мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет