9. Тоталитаризм Тоталитаризм (лат.totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.