10. Авторитаризм Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді. 11-12 . Демократия – ең тиімді билік түрі. Оның мәні, сипаты, құндылықтары және негізгі теорияларының қалыптасуы. Демократия толқындары