1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Жиембеттің ақындық өнері, тіл шеберлігі



бет15/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

21. Жиембеттің ақындық өнері, тіл шеберлігі
Жиембет толғауларында Есім ханның игілікті ісін мадақтап, оның жөнсіз зорлықтарына қарсы көзқарасын айқын білдіреді. Ол алған бетінен қайтпайтын қайсар болған.
Жиембет толғаулары 7-8 буынды, кезекті, аралас, кейде қара өлең ұйқасында келеді.
Бүлік салып бұйырды,(7)
Басын бер деп батырдың,(7)
Қанын ішіп қанбаққа,(7)
Жанын отқа салмаққа.(7)

(7-8 буынды қара өлең ұйқасы)


Жырау өз бойындағы ерекшелікті, сесеті де күшті теңеулермен көрсеткен.
Мысалы:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайындай.
Жиембет өз толғауларында табиғат, жан-жануар және адам өміріндегі тосын құбылыстарды көрсетумен қатар оған кешіріммен қарауды ескеріп, адам жанының нәзік сырларына үңіледі.
22. Марғасқаның елдік пен ерлікті жырлаудағы ерекшелігі.
Бізге Марғасқа жыраудың шығармаларынан жеткені – осы бір ғана қысқа толғауы. Жыраудың бұл «Ей, қатағанның хан Тұрсын…» деп басталатын толғауын Семей облысы, Абай ауданынан шыққан шежіре қария Мұсылманқұл Жиреншин 1936 жылы Қазақ Ұлттық Ғылым академиясына тапсырған. Әдебиет және өнер институтының қолжазбасынан алынып, 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқалары» хрестоматиясына еңгізілген. Одан кейін «Алдаспан» жинағына, «Бес ғасыр жырлайды», т.б. жинақтарға енгізіліп жарық көріп келеді.
Бұл жырдың тууы туралы былай деп айтылады: Есім ханның жауынгерлері Тұрсын хан жатқан сарайды қорғаушы күзетшілерді у-шусыз жайғастырып тастайды. Енді ішке кірмек болғанда Есімнің қасындағы әрі батыр, әрі жырау Марғасқа: «Тақсыр, сіз тұра тұрыңыз, мен барайын», - деп сарайға енеді. Тұрсын бейқам, ұйқыда жатыр екен. Марғасқа қарусыз ханды байлатып алады.
Байлатардан бұрын ханның кеңірдегіне жалаң қылышты төсеп тұрып оятып алып, Марғасқа осы өлеңін айтқан екен дейді. Бұл Марғасқа жыраудың бізге жеткен, оның ерлігін, оның ақындық өнерін, жыраулық қасиетін танытқан жалғыз, көлемі өте аз болса да, өте маңызды туындысы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет