1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


«Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңінің мәні



бет23/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

33. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңінің мәні
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!
Жан қысылғанда айтылған мадақ. Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі. Арғын ішіндегі Шақшақ деген кіші атадан шыққан Жәнібек батыр Абылай ханға асқан ержүректілігімен,қара қылды қақ жарып кесіп айтатын әділдігімен, ұсақ-түйекке мән бермейтін еркек мінезді тәкәппарлығымен ұнаған. Тәтіқара толғауындағы бір топ сарбазды өз басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес,өзінің үлкен адамдығымен, зор бедеріменде ірі тұлға. Бөгенбай батыр — қазақ тарихындағы өте ірі тұлға. Ол бар өмірін елі — жұрты үшін сарп қылған аяулы азамат, 18 ғасырдың 20-30 жылдарында болған жоңғар мен қазақ жасақтарының арасындағы шапқыншылықта қазақ сарбаздарын басқарушы қолбасшы. Бөгенбайдың өз тұсында халқына қандай игілікті еңбек еткені, жұртына қандай қадірменді адам болғаны жөнінде мәліметтер көп. Аты аталған батырлар да қазақтың жерін қорғаған ержүрек тұлғалар. Соларды мадақтай отыра, Тәтіқара оларды жауға төтеп беруге шақырған.
34. Үмбетей Тілеуұлының арнау өлеңдерінің мәні, тақырыптық-көркемдік нәрі

Үмбетей жырау

«Бәкеге», «Бекболат биге», «Жауқашарға», «Бұхарға», «Ей, Ақтамберді, Қабанбай», «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту»

Бәкеге
Дін пұсырман баласы
Адамдықтан жерімес,
Тіл пұсырман, қарашы,
Арамдықтан шегінбес.
Дәніккесін бұл шіркін,
Адал бір дәм жегізбес!
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйрығы қамшыдай
Бура сойған не сұмдық!
Тоқымы кеппей топтанып,
Ел тонауға аттанып,
Жылқышысын дойырлап,
Жылқыларын сойылдап,
Көрші жұртты шулатып,
Жаудай шапқан не сұмдық!
Қарап жатқан жыланның
Құйрығын неге басасың?
Шағайын деп шапшыса,
Шоршып неге қашасың?!
Ұл он беске келгенше -
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса - доңызың.
Не бетіңмен қорғайсың
Жауқашардың тоғызын?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет