1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Тәтіқара ақын толғауларындағы жауынгерлік рух



бет22/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық

32. Тәтіқара ақын толғауларындағы жауынгерлік рух.

Тәтіқара ақын

«Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Кебеже қарын, кең құрсақ», «Кеше тоқыраулы судың бойынан».

Жәнібек, Деріпсәлі, Маңдай, Сары, Баян, Бөгембай, Жабай, Абылай, Сырымбет сынды батырлардың жауынгерлік рухын насихаттау. Жаугершілік замандағы ерліктерін көрсету, өз руларының бетке ұстар батырларын мадақтау. Тәтіқара жырларында Абылайдың қайдан шыққанын айта отыра, халқы үшін атқа қонып, әділ басшы болуын талап етеді.



  1. Қамыстың басы майда, түбі сайда,
    Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
    Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
    Ер жігіттің ерлігі осындайда.
    Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
    Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы!
    Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
    Сары менен Баянды айт уақтағы!
    Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
    Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
    Найзасының ұшына жау мінгізген -
    Еменәлі керейде ер Жабайды айт!



  1. Кебеже қарын, кең құрсақ,
    Артық туған Абылай,
    Көтере көр бұл істі.
    Көп қытайдың жылқысы
    Тұрымтайдай құнысты.
    Жау жағадан алғанда,
    Ит етектен алғанда,
    Ер Абылай қорыққан жоқ,
    Әншейін еңкейе бере жылысты.
    Бәсентиін Сырымбет
    Оқ жіберіп ұрысты.
    Ақыл қалмас қашқанда,
    Дегбір қалмас сасқанда.

Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!..


  1. Кеше тоқыраулы судың бойынан,
    Тоқал терек түбінен,
    Ніл дарияның басынан,
    Құмкент шәрінің қасынан,
    Перінің қызы перизаттан туған,
    Қара мерген атасы,
    Сөзімнің жоқ қатасы,
    Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
    Түркістанда тұр еді-ау,
    Қызметші боп жүр еді-ау,
    Үйсін Төле билердің
    Түйесін баққан теріс аяқ құл еді-ау!
    Дәл жиырмаға келгенде
    Ақ сұңқар құстай түледі,
    Азуын тасқа біледі,
    Дұшпанға найза тіреді.
    Үш жүздің сонда баласы
    Ақылдасып, кеңесіп,
    Хан көтеріп еді!
    Үш жүздің баласын
    Бір баласындай көрмеді.
    Ат құйрығын сүзіңдер,
    Аллалап атқа мініндер,
    Ханталау қылып алындар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет