Бекболат биге
Мен пайғамбардан бастасам,
Әңгімеге кетермін.
Едігеден бастасам,
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам,
Сөз түбіне жетермін.
Енді сізге не дермін:
Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
айтылмаған сөз қоймас.
Хан болмаған хан болса,
Қанамаған ел қоймас.
Баласын мақтар бас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман.
Алыстағы дұшпаннан,
Андып жүрген дос жаман,
Бір түйе бітпей түйе болмас,
Өз малын кізнеген,
Кісі малын іздеген
Түбінде өз малына ие болмас!
Жауқашарға
Бұрала біткен емендей,
Қисық туған адамсың.
Бұл мінез, бұл қылықпе
Қайдан абырой табарсың?!
Ындыны жаман жетеуің
Қашты әне жалт беріп,
Қалған мына екекуін
Қолыңа ал ант беріп.
Жол атаң «енем баласы»
Жатырқауды білмейді,
Ортайса да шарасы,
Арамдыққа жүрмейді.
Кісіні көрсең, ессікке
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар несіпке!
Бұхарға
Үй сыртында ақра тау,
Панасы жоқ болса,
Бұл шіркіннің несі тау?!
Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келінің жау.
Үйіңдегі ұлың жаман болса,
Есіктегі құлмен тең.
Қойыныңдағы қатының жаман болса,
Қаңтардағы мұзбен тең.
Кей сорлының қатыны
Күндіз ауру, түнде сау, -
Арқаңа артқан тұзбен тең!
Жылға сай батпақ болса, өте алмассың,
Жастан шыққан жүйрікке жете алмассың.
Дүниенің жүзінде осы қиын -
Жаман деп өз үйіңнен кете алмассың.
Бәйбішең аю болса, аса алмассың,
Қарау болса, әй деуге бата алмассың.
Мейманға отың басы болса суық,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың.
Қосағың қоса ағармас қосақ екен,
Құдайым осылай да қосады екен.
Тоты құс жарқанатқа пенде бопты,
Бұқарым, айтар мінің осы-ақ екен.
Достарыңызбен бөлісу: |