19. Азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін көрсетіңіз Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясына сай жүзеге асырылады. Мыс. Еңбек ету құқығы (Конституцияның 24-бабы), әлеуметтік қамсыздандыру (Конституцияның 28-бабы),денсаулық сақтау (Конституцияның 29-бабы), Мемлекет ісін басқаруға қатысу (Конституцияның 33-бабы), Әркімнің өмір сүру құқығы (Конституцияның 18-бабы), Еркін жүріп тұру құқығы(Конституцияның 21-бабы) бар. Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілермен белгіленетін және кепілденетін құқықтары бар. Конституциялық құқықтардан басқа азаматтар тікелей мемлекеттік басқарушылық қызмет аясында жалпы және нақты сипаты бар бірнеше өзге де құқықтарды пайдаланады.Бұл құқықтар заңдармен де, атқарушы биліктің өкілетті органдарының заңға тәуелді нормативтік актілермен де тағайындалады және кепілдендіріледі. Егер азаматтар өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда жауапкершілік туындайды.
20. ҚР заңнамасы бойынша мемлекеттік қызмет өткеруді әкімшілік-құқықтық реттеу негіздерін көрсетіңіз
Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейінгі атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрніс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірнен бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады. Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін ( ережелерін, шарттарын ) белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды.
Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді. Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызтын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер. Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР – сы азаматының құқығы бар. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сай келген жағдайда мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу олар міндетті түрде арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не президент шешімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялағаннан кейін өткізеді. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган үміткерлерді бос лауазымдарға орналасуды жүзеге асыратын конкурс комиссиясын құрады.Бұл комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымына орналасуға немесе мындай лауазымға кіруге бас тартуға негіз болып табылады
ҚР-ның әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік немесе саяси қызметке кіргенде ант береді.Анттың мәтіндері мен оны берудің тәртіптері президенттің жарлықтарымен бекітілген.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оқтын-оқтын атестациялаудан өтеді.Оның мақсаты – қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін,құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады.