15. Атқарушы билік органның әкімшілік-құқықтық мәртебесін көрсетіңіз Атқарушы билік —мемлекеттик баскаруды жузеге асыратын саяси мекеме, заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
16. Заңды тұлғаларды әкімшілік құқық субъектісі ретінде сипаттап олардын әкімшілікқұқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерін көрсетіңіз Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат – міндеті мен әкімшілік – құқықтық мәртебесі жөнінен әр түрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызмет атқарады.
Ұйымдардың әкімшілік құқықтық мәртебесін белгілейтін құқық нормалары әр түрлі заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қаралған. Ұйымдардың әрқайсысының әкімшілік құқықтық мәртебесін жекелеп дұрыс және жанжақты сипаттау үшін оларды топтастырудың үлкен маңызы бар. Бұл олардың қызметінің мақсаттары, ұйымдық – құқықтық нысандары, өздеріне жататын мүлікке билік ету өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты бойынша, сондай ақ бағыныштылығы немесе ведомстволық қарастылығы бойынша жүргізіледі. Ұйымдар өздерінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді
Кәсіпорын - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырыу және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Бұл қызметтің негізіне оның мүлкі жатады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарған өніміне, тапқан пайданың, салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлегеннен кейін, қалғанына билік етеді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субъектілігі әр түрлі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады . Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына. Мемлекеттік кәсіпорындарды құру; олардың қызметінің мақсат-міндеттерін , сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау; жарғысын бекіту; кәсіпорындарды басқару; мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынандай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады:
мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндірістің салаларында бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру;
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.