1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз



бет4/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

Заңдық фактілер -тараптар арасында нақты кұқықтық қатынас тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет-субъектінің өз еркін білдіру актісі, ол өз кезегінде заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғаның әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жаткызуға болады. Әкімшілік- кұқықтық қатынастар зандық сипаты бойынша тік (вертикапьный) және көлбеу (гаризонтальный) болып бөлінеді. Тік әкімшілік кұқықтық қатынастар әкімшілік кұқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъектілер мен объектілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу кұқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны тәжірибеден белгілі.
11. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріңіз
Шетел азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі әр түрлі құқықтық актілермен, соның ішінде Қазакстан Республикасы Конституцясының 12-бабымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, шетел және азаматтығы жоқ түлғалар барлық құқықтар мен бостандықтарға ие және койылған міндеттерді атқаруға тиісті. Мемлекеттік басқару саласында Қазакстандық және шетел азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің, ортақ үқсастықтарына қарамастан, Қазакстандық азаматтың құқықтары мен міндеттері шетел азаматтарына қарағанда басымырақ.
Ал шетел азаматтарының мемлекеттік басқару сапасында кейбір құқықтары шектеулі. Мәселен, олар әскери міндетін атқармайды, көптеген мемлекет аппаратындағы лауазымды орындарды иемдене алмайды, Қазақстан территориясында еркін көшіп-конуға және саяси мақсатты көздейтін қоғамдық ұйымдар құруға құқықтары жоқ. Сондай-ақ, шетел азаматтарына қазақстандық азаматтарға тән емес, қосымша міндеттер жүктейді. Шетел азаматтары сол жерде тұруға, төл құжаттарын тіркеуге рұқсат алу керек және республика территориясына кірерде медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Сонымен бірге Ішкі істер министрлігінен сол елдің территориясында жүріп-тұруға рұксат алуы қажет. Шетел азаматтары да Қазақстан азаматтары сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай- ақ республика территориясында белгілі бір дипломатиялық істермен жүрген шетел азаматтары категориясының әкімшілік және құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен және басқа да қүжықтық актілерімен белгіленеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет