25. Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі, мағынасы және ерекшеліктерін сипаттап беріңіз Әкімшілік мәжбүрлеу —Ол құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, құқық бұзушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту, кінәлілерді жазалау, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тек мемлекеттік басқару аясында ведомстволық, жалпы міндетті мінез-құлықты реттеуге қолданады. Мысалы, жол қауіпсіздігі, санитарлық қауіпсіздік ережелері, рұқсат беру жүйесін қамтамасыз ету және т.б.
Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын әкімшілік-құқықтық нормаларда көзделген реттер бойынша, мемлекеттік басқару аясында, құқық қорғаушының функцияларын жүзеге асыруға өкілеттенген атқарушы органдар (лауазымды тұлғалар) қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу тікелей ықпал ету объектілеріне байланысты физикалық және психикалық болып бөлінеді. Оның мақсаты – нақты құқық субъектілерін белгілі бір ережелерді сақтауға немесе белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу.. Қалыптасқан тәжірибеде мемлекеттік мәжбүрлеудің негізгі 4 түрі бар: қылмыстық-құқықтық; азаматтық-құқықтық; тәртіптік; әкімшілік-құқықтық.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің жеке бір түрі бола тұра әкімшілік мәжбүрлеу оны құқықтық мәжбүрлеудің басқа нысандарынан бөлетін белгілі бір ерекшеліктерге ие.
26. Әкімшілік жазаның ұғымы және мақсаттарын анықтаңыз 40-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары 1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян келтіруді мақсат тұтпайды.