29. Басқару әдістерін түсіндіріңіз Басқару әдістері — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінң болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғы шарты болып табылады.Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғарғы тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік – шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше көрініс береді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, басқару әдісі дегеніміз – объективті заңдардың талаптарын іске асыру тәсілі, яғни көздеген мақсатқа жету жолында адамдарға ықпал ету үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға - бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.
Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән: 1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды;
2) ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады;
3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады;
4) мемлекеттік - биліктік өктем өкілеттіліктер берілген;
5) құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады;
6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.