1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен белгілерін анықтаңыз



бет15/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

27. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен белгілерін анықтаңыз
25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
1. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өзiнiң әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның зиянды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалды деп танылады.
27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
28. Басқарудағы құқықтық актілер жіктеуін түсіндіріңіз
Басқарудың құқықтық актісі - бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын, мемлкеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген тәртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.
Басқару актілерінің заңдылық мағынасы көп жақты: олар құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды (бұл жерде басқарудың нормативтік актілері туралы сөз болып отыр);
басқару субъектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе белгілі құқықтарға ие етеді (мысалы, басқару аясында қандай да болмасын әрекеттерді жасауға міндеттейді, ҚР ішкі істер Министрі республика аумағында орындауға міндетті актілер(бұйрық)шығарады).
Басқару актілері зады фактілер ретінде, яғни басқару аясында құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе аяқталуына негіз болады (мысалы, ҚР азаматын ҚР ІІМ-нің кадрлар қатарына енгізу, қызметтік қатынастарды туғызуға заңды факт ретінде қабылданады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет