23. Басқару актілерінің құқықтық сипатын көрсетіңіз
Басқарудың құқықтық актісі - бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын, мемлекеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген тәртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.
Басқару актілерінің заңдылық мағынасы көп жақты: олар құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды; басқару субъектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе белгілі құқықтарға ие етеді (мысалы, басқару аясында қандай да болмасын әрекеттерді жасауға міндеттейді, ҚР ішкі істер Министрі республика аумағында орындауға міндетті актілер(бұйрық)шығарады). Басқару актілері заңды фактілер ретінде, яғни басқару аясында құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе аяқталуына негіз болады (мысалы, ҚР азаматын ҚР ІІМ-нің кадрлар қатарына енгізу, қызметтік қатынастарды туғызуға заңды факт ретінде қабылданады).
24. Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы және негізгі ерекшеліктерін сипаттама беріңіз
Әкімшілік жауаптылық – заңдық жауаптылықтың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолданылуынан көрінісін табады.
Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшкліктері тұтасынан алғанда мыналар:
Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік-құқықтық негізі бар.
Әкімшілік жауаптылықтың негізіне әкімшілік құқық бұзушылық жатады.
Әкімшілік жауаптылық субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.
Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар қолданылады.
Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызмет не жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға – құқық бұзушыларға қолданылады. Осы белгі бойынша адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен қызметшілерге қолданылатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген осындай тәртіппен материалдық жауаптылық шаралары қолданылуы да мүмкін.
Әкімшілік жаза қолдану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.
Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді реттейтін заңдарға сәйкес қолданылады.
Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылықтың негізгі ерекшелігі, оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына — әкімшілік жазалар жатады.
Кінәлілер құқық бұзушылық жасаған уақыты мен орны бойынша күші бар заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яғни осы шыққанға дейінгі жасалған құқық бұзушылықтарға да тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |