1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз



бет3/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

Ал әкімшілік келісім-
Мемлекетаралық; Үкіметаралық; ведомствааралық; аумақаралық келісімдерден тұрады. Қазақстан Ресітубликасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған болатын.
9. Әкімшілік құқықтық нормалардың жіктелуін түсіндіріңіз
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін,атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы:
Атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материаддық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін занды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
10. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың жіктелуін түсіндіріңіз
Әкімшілік- құқықтық қатынастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай кұқықтармен міндеттерге ие тұлға..
Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.
Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау барысында тараптардың кұқықтары мен міндеттері жүзеге асады. Заңдык мазмұн бұл субъективтік кұқықгар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-кұқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық қатынастарға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет