17. Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және олардың қызметінің құқықтық кепілдіктерін көрсетіңіз1саяси-премьер мин/акимш.мем.кызметши-сот торагалары т.б Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкер мынаған құқылы: 1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге;
3) белгіленген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;
6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне; т,б
Мемлекеттік қызметшінің мынадай негізгі міндеттері болады: 1) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) ҚР Президенті бекіткен тәртіпте ант беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттілігін жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;т,б
Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. Осы мүліктен, соның сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.
Мемлекеттік қызметкер өзінің жақын туыстары (ата — анасы, жұбайы, аға — інісі, апа -сіңілісі, балалары) немесе жекжаттары атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.