1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет61/67
Дата14.05.2020
өлшемі0.55 Mb.
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
47. Қаржылық талдау әдістері
Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері дегеніміз ұйымның қызметін математикалық, статистикалық, есептік және ақпараттарды өңдеудің басқа тәсілдерін қолдана отырып, кешенді органикалық өзара байланыста зерттеу.

Талдауда тәртіп бойынша жедел бухгалтерлік есеп және бақылау үдерісінде қалыптасатын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Көрсеткіштердің жетіспеген бөлігі зерттеу кезіндс есептелінеді. Талдау көмегімен ұйым қызметінің нәтижелер өзгерісіне әсер ететін елеулі факторлық көрсеткіштері анықталынады. Талданатын көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты анықтау мен өлшеу ұйым жұмысын органикалық өзара байланыста зерттеуін қамтамасыз етеді.

Барлық тәсілдерді бір уақытта қолдану ұйымның қаржылық жағдайын, оның іскер серіктес ретінде сенімділігін, даму перспективасын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Қаржылық талдау әдістерін бірінші деңгейде нысандандырылмаған және нысандандырылған әдістерге бөледі.

Нысандандырылмаған әдістер талдамалық тәртіптерді логикалық деңгейде көрсетуге негізделген. Оларға: сараптамалық бағалау, көрсеткіштер жүйесінің психологиясын құру, аналитикалық кестелер жүйесін құру жатады. Бұл әдістерде талдаушының білімі, тәжірибесі және алдын ала сезу қабілеті маңызды рөль атқарады.

Нысандандырылған әдістерге қатаң нысандандырылған аналитикалық тәуелділік нәтижесінде құрылған әдістер жатады. Оларға тізбектелген қойылымдар әдісі, абсолюттік және қатысты айырма әдістері, баланстық байланыс, топтастыру, графиктік және интегралдық, индекстік әдістер жатады. (оларды қолдану әдістемесі екінші тақырыпта көрсетілген).

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есептілікті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. көлденең талдау;

  2. тікелей талдау;

  3. трендтік талдау;

  4. салыстырмалы талдау;

  5. факторлық талдау;

  6. қаржылық коэффициенттер әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет