1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау



бет63/67
Дата14.05.2020
өлшемі0.55 Mb.
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдаубұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылықаралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) нәтижелік көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде — тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пай­далану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар ұйымның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұнына кіреді:

  • қаржылық жағдайды жалпы бағалау;

  • баланс активтері мен пассивтері құрамын, олардың құрылымын және динамикасын талдау;

  • өтімділікті және төлемқабілеттілікті талдау;

  • қаржылық тұрақтылықты және несиеқабілеттілікті талдау;

  • ұйымның банкрот болу ықтималдығын талдау және құнын бағалау.

Нарықтық экономика жағдайында тек талдау негізінде жоспарлаудың барлық сатыларында және оның нақты қызметінде және де есеп беру уакытында ғана емес, сонымен қатар бірқатар кезеңдерде, ұйымның алдына қойылған міндеттерді шешудін оңтайлы нұсқасын білгілеуге, яғни оның даму тенденциясын анықтауға болады.

Талдау объектісі болып ішкі шаруашылық жоспарлау, есеп, есептілік және басқа да ақпарат көздерінің көрсеткіштер жүйесінде көрсетілген әлеуметтік және мәдени даму сұрақтарын бірге алғандағы ұйымның шаруашылық-қаржы қызметінің барлық жақтары табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет