1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет5/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

6. Ауқымы бойынша:

- Фирмаішілік талдау – тек зерттелетін кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің қызметін талдау.

- Фирмааралық талдау – екі не одан көп кәсіпорындардың қызмет нәтижелерін салыстыра отырып талдау.



7. Функционалдық белгісі бойынша:

- Әлеуметтік-экономикалық талдау – әлеуметтік және экономикалық үрдістердің байланыстарын, олардың шаруашылық қызметі нәтижесіне әсерін оқиды.

- Экономикалық-статистикалық талдау – статистикалық органдар жаппай қоғамдық құбылыстардың сипатын кәсіпорын, сала, аймақ деңгейінде оқу үшін жүргізетін талдауы.

- Экономикалық-экологиялық талдау – табиғатты қорғау органдары, кәсіпорынның экономикалық бөлімі қоршаған ортаны сақтаумен байланысты экологиялық және экономикалық үрдістердің барысын зерттеу мақсатымен жүргізетін талдауы.

- Маркетингтік талдау – кәсіпорынның маркетингтік бөлімі кәсіпорынның әрекет етуінің сыртқы ортасын (шикізат пен дайын өнімді өткізу нарығы, өнімнің бәсеке қабілеттілігі, сұраныс пен ұсыныс, тәуекел, баға саясаты, маркетинг стратегиясы) зерттеу үшін жүргізетін талдауы.

- Инвестициялық талдау – инвестициялық жобалар мен шешімдердің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін жүргізілетін талдау.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, экономикалық талдаудың түрлерінің жіктелуін келесідей бейнелеуге болады.

1Кесте. Экономикалық талдау түрлерінің жіктелуі



 Жіктеу белгісі

Талдау түрлері

Функционалдық бағыты

-         Қаржылық

-         Басқарушылық

-         Әлеуметтік-экономикалық

-         Экономикалық-статистикалық

-         Экономикалық-экологиялық

-         Маркетингтік

-         Инвестициялық


Салалық белгісі

-         Салалық

-         Салааралық



Қамтитын уақыты

-         Перспективалық

-         Ретроперспективалық



Зерттеу әдістемесі

-         Сандық

-         Сапалық

-         Экспресс-талдау

-         Маржиналдық

-         Экономикалық-математикалық

-         Фундаментальдық



Талдау субъектісі

-         Ішкі

-         Сыртқы



Бағдарлама мазмұны

-         Кешенді

-         Тақырыптық



Қамту ауқымы

-         Фирмаішілік

-         Фирмааралық 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет