1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Экономикалық талдаудың ақпараттық базасы



бет6/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

3. Экономикалық талдаудың ақпараттық базасы

3. Экономикалық талдау жүргізгенде ақпараттың негізгі көзі болып бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру табылады. Ол ұйымның мүліктік және қаржылық жағдайы, сондай-ақ оның шаруашылық қызмет нәтижелері туралы деректердің біртұтас жүйесін көрсетеді. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру бухгалтерлік есеп деректері бойынша ұдайы қабылданған формаларға сәйкес құрастырылып отырады.

Ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруіне келесілерді жатқызуға болады:


  • бухгалтерлік баланс;

  • табыстар мен шығыстар туралы есеп;

  • бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығыстар туралы есепке қосымша;

  • түсіндірме жазба;

  • ұйымның бухгалтерлік есеп беруінің шынайылығын растайтын аудиторлық қорытынды.

Бухгалтерлік есеп – бұл нақты уақыт кезеңіне ұйымның құралдарының көлемі мен осы құралдардың қалыптасу көздері туралы жалпыланған және белгілі бір тәртіппен топтастырылған мәліметтер.

Табыстар мен шығыстар туралы есеп ұйымның пайдасын қалыптастыратын өнімді, тауарлар мен қызметті өткізуден түскен түсімді, олардың өзіндік құнын, басқа да түскен табыстар мен шығыстарды сипаттайды.

Бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығыстар туралы есепке қосымшаға мыналар жатады:

- ақша қаражатарының қозғалысы туралы есеп:

- ол есепті кезеңнің басы мен соңындағы ақша қаражаттарының жағдайын көрсетеді;

- ағымдағы, инвестициялық, қаржылық қызмет жүргізілу барысындағы ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуын көрсетеді;

- капиталдың қозғалысы туралы есеп:

- кәсіпорынның меншікті капиталының, қорлары мен резервтерінің жағдайы туралы;

- есепті кезеңдегі кәсіпорын капиталындағы өзгерістер туралы;

- бухгалтерлік балансқа қосымша есепті кезең басы мен соңындағы және осы кезең ішіндегі төмендегілердің қозғалысын көрсетеді:

- негізгі құралдардың жекелеген түрлерінің (оның ішінде жалға алынғандардың);

-материалдық емес активтердің;

- қаржылық салымдардың;

- дебиторлық және кредиторлық қарыздардың және т.б.



Түсіндірме жазбада ұйым туралы маңызды да мәнді ақпарат болуы қажет, оның ішінде:

  • оның мүліктік жағдайы туралы;

  • жүргізіп отырған есеп саясаты туралы;

  • активтерді, капитал мен міндеттемелерді бағалау үшін қолданылып отырған әдістер туралы;

  • есепті және өткен жылдардағы деректердің сәйкес болуы;

  • есеп саясатындағы жоспарланып отырған өзгерістер туралы.

Сондай-ақ түсіндірме жазбада әдетте төмендегілерге қатысты қосымша ақпарат келтіріледі:

  • бірқатар жылдарға ұйымның қызметінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы;

  • ұйымның даму жоспарлары;

  • іске асуы мүмкін капиталдық және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар туралы мәліметтер;

  • қарыз қаражаттары, тәуеклді басқару бойынша саясаттың мазмұндалуы;

  • ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар бойынша ұйымның қызметі;

  • табиғатты қорғау шаралары;

  • т.б. ақпарат.

Жоғарыда атап өтілгендерден басқа, ақпараттың есептен тыс көздеріне шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар және басқалай деректер кіреді. Олар:

  1. Кәсіпорын өз қызметінде қолдануы тиіс ресми құжаттар: мемлекеттің заңдары, президенттің бұйрықтары, үкімет қаулылары, жоғары тұрған органдардың, кәсіпорын басшыларының бұйрықтары мен қаулылары, ревизия мен тексеру актілері;

  2. Шаруашылық-құқықтық құжаттар: келісім-шарттар, арбитраж бен сот органдарының шешімдері;

  3. Ғылыми-техникалық ақпараттар (басылымдар, ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелері бойынша есеп берулер және т.б.)

  4. Техникалық және технологиялық құжаттар;

  5. Жекелеген жұмыс орындарындағы өндірістің жағдайын арнайы зерттеудің материалдары (хронометраж, фотосуреттер және т.б.);

  6. Кәсіпорынның негізгі контрагенттері туралы ақпарат (жабдықтаушылар мен сатып алушылар). Жабдықтаушылар туралы ақпарат олардың сенімділігі мен баға саясатын бағалау үшін, ал сатып алушылар туралы мәліметтер олардың ағымдағы және ұзақ мерзімді төлемқабілеттілігін сипаттау үшін қажет;

  7. Әр түрлі ақпарат көздерінен алынған негізгі бәсекелестер туралы деректер (Интернет, радио, теледидар, газет-журнал, ақпараттық бюллетеньдер т.б.);

  8. Материалдық ресурстар нарығындағы жағдай туралы деректер (нарықтар көлемі, ресурстардың жекелеген түрлеріне бағаның динамикасы);

  9. Капитал нарығындағы жағдай туралы мәліметтер (қайта қаржыландыру қойылымы, шетел валютасының ресми бағамдары, несиелер мен депозиттер бойынша коммерциялық банктердің қойылымдары);

  10. Қор нарығының жағдайы туралы деректер (құнды қағаздардың негізгі түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныс бағасы, қаржылық құралдардың негізгі түрлері бойынша келісімдердің көлемі мен бағасы, қор нарығындағы баға динамикасының жиынтық индексі);

  11. Елдегі макроэкономикалық жағдайдың өзгерістері туралы Статистика жөніндегі комитеттің деректері және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет