Салыстырмалы аналитикалық баланс бастапқы баланс арқылы оның баптарын кесектеңдіру және оны көрсеткіштердің құрылымымен, есеп беру кезеңіндегі салымдардың динамикасымен және қаражаттар көздерімен толықтыру арқылы жасалынады. Аналитикалық баланстың міндетті көрсеткіштері болып табылады:
кезең басындағы және соңындағы баланс валютасындағы баланс баптарының үлес салмақтары:
жыл басына қарағанда көлемдердің пайыз мөлшеріндегі өзгерісі (баланс баптарының өсу қарқыны);
баланс валютасы өзгерісіне қарағанда пайыздық өзгерістер (құрылымдық өзгерістердің өсу қарқыны);
баланс валютасы және әрбір баптың өсуінің бір пайызының бағасы - кезең базасындағы және соңындағы көлемнің абсолюттік өзгеруі қатынасы.
Ұйымның қаржылық жағдайын жалпы бағалау үшін бухгалтерлік баланс баптарын жеке өзіндік ерекшеліктеріне қарай топтастыру керек:
өтімділігі төмендеу деңгейі бойынша (активтер);
төлеу мерзімі жоғары деңгейі бойынша (пассивтер).
Салыстырмалы аналитикалық балансты әртүрлі тәсілдермен құруға болады. Әртүрлі бөлімдер баптарын біріктіруге болады. Аналитикалық баланста активтер мен пассивтердің негізгі бөлімдерін ғана ұсынған дұрыс. 48-ші кестеде аналитикалық баланстың нұсқаларының бірі келтірілген.