Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік баланстың түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау – әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің ұйымның қорлану көздерінің жалпы құнындағы, яғни салынған капиталдағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқаңда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінің тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.