- Эмоцияның қызметтерi
- Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.
- Эмоцияның түрлері:
- Өте күштi эмоциялық əрекет көрiнiсi - аффект қысқа да қарқынды өтуiмен ерекшеленедi. Бұл сезiм құбылысы субъектi үшiн өте қажеттi болған өмiр жағдайларының кенеттен өзгерiске түсуiнен болады. Аффектте адамның қозғалыс əрекеттерi ұстамсыз күйге келiп, iшкi ағзалар қызметi күйзелiске ұшырайды: тiлден қалады, жүрегi ұстайды, есiнен танады т.б. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады.
Адамның көңiл-күйiнiң кейпiн бiлдiретiн жəйттiң бiрi психологияда фрустрация (көңiлдiң бұзылуы, межелi iстiң жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған iсi мен мүдделi мақсаты түрлi себептер мен кедергiлерге ұшырып, адам оған ренжидi, көңiлi құлазып, қайғырып, күйзеледi, ашуға булығады. - Адамның көңiл-күйiнiң кейпiн бiлдiретiн жəйттiң бiрi психологияда фрустрация (көңiлдiң бұзылуы, межелi iстiң жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған iсi мен мүдделi мақсаты түрлi себептер мен кедергiлерге ұшырып, адам оған ренжидi, көңiлi құлазып, қайғырып, күйзеледi, ашуға булығады.
- Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй – соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет.
- Сезiмдер деп тұрақты, эмоциялық боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б.
- Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |