Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері.
Нарық шарттарында және қатаң бәсекелестік күресте кәсіпорын сыртқы және ішкі өзгерістерді есепке алып тез арада керекті амалдарды қолданылуы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда жүзеге асады:
1) Басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап нарықтағы орнын анықтау керек;
2) Кәсіпорын жетістікке жету үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;
3) Мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданылуы және ол қатаң қадағаланып жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;
4) Кәсіпорын басқармасы және инвесторлық нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.
Бизнес – жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:
1) Өз идеяларын жасап оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;
2) Мұндай қағаздағы вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;
3) Кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істеуге көмегін тигізеді;
4) Бизнес – жоспарды жасап бітірген кезде, ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |