10. Адренергиялық заттар, жіктелуі. Бета-адреномиметиктер, әсер ету механизмдері, негізгі әсерлері, қолдануға болатын көрсеткіштер, жанама әсерлер. Адреномиметикалық заттар
- α- және β-адренорецепторларды ынталандыратындар
Адреналин гидрохлориді , Норадреналин гидротартраты (немесе гидротартраты) (α1, α2, β1, β2)(α1, α2, β1,)
• Тек α-адренорецепторларды ынталандыратындар
Мезатон (α1), Нафтизин (α2) Галазолин (α2)
•Тек β-адренорецепторларды
Изадрин (β1, β2) ,
Сальбутамол (β2) Тербуталин (β2), Фенотерол(β2)
Добутамин (β1)
Адреноблокаторлық заттар
• α-адренорецепторларды тежейтіндер
Фентоламин ( α1, α2), Тропафен (α1, α2) , Дигидроэрготоксин (α1, α2)
Празозин (α1)
• β-адренорецепторларды тежейтіндер
Анаприлин (β1, β2) Оксиренолол(β1, β2)
Метопролол (β1) Талинолол (β1) Атенолол (β1), Бисопролол (β1)
•α- және β-адренорецепторларды тежейтіндер
Лабеталол (β1, β2, α1), Карведилол (β1, β2, α1)
β-АДРЕНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ АЙРЫҚША ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (β -АДРЕНОМИМЕТИКТЕР)
Фенилалкиламиндер туындысының β-адреномиметигінің бірі болып и з а д р и н (изопреналин гидрохлориді, изупрел) табылады. β -адреноре-цепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Изадрин β1-, β2-, β 3-адренорецепторларды қоздырады. Оның негізгі қасиеттері жүрекке және тегіс бұлшық еттерге әсеріне байланысты. Изадрин жүректің β1-адренорецепторларын ынталандыра отырып, жүрек жиырылуының күші мен жиілігін жоғарылатады. Систолалық қысым бұл кезде жоғарылайды. Сонымен бірге препараттамырлардың β2-адренорецепторларын қоздырады (әсіресе қаңқа бұлшық еттерінің тамырлары). Мұнда диастолалық қысым төмендейді. Орташа артериялық қысым да төмендейді.
Изадрин атриовентрикулярлық өткізулерді жеңілдетеді, жүректің автоматизмін жоғарылатады.
Ол бронхтардың тонусын тиімді төмендетеді (ингаляция кезінде 1 сағатқа сақталатын бронхолитикалық әсерді жылдам шақырады), асқазан-ішек жолдары бұлшық еттерінің тонусын төмендетеді, сонымен қатар β-адренорецепторлары бар басқа да тегіс бұлшық еттерді босаңсытады.
Изадрин ОЖЖ-сін ынталандырады. Зат алмасуға адреналин секілді әсер етеді, бірақ гипергликемия мұнда аз байқалады.
Қолданылуы: Изадрин бронхоспазмдарда (аэрозоль түрінде ингаляциялық жолмен енгізеді), сондай-ақ атриовентрикулярлық тежелулерде (сублингвалды түрде) қолданылады.
Жағымсыз әсерлері: тахикардия, кейде жүректік аритмиялар, дірілдеу, бастың ауыруы.
Изадриннің β1-адреномиметикалық әсеріне байланысты бронхиалды демікпеде қолданғанда байқалатын бірқатар жанама әсерлерін (әсіресе тахиаритмия) ескере отырып, β2-адренорецепторларға таңдамалы әсер ететін препараттар синтезделген. Оларға сальбутамол, тербуталин (бриканил), фенотерол (беротек Н, партусистен) және т.б. жатады. Бұлардың изадриннен айырмашылығы жүректің β1-адренорецепторларына аз әсер етуінде. Сонымен қатар, бұлар изадринмен салыстырғанда ішке қолдануда тиімді және ұзақ әсер етеді (әсіресе тербуталин). Аталған препараттар бронхолитикалық зат ретінде (ингаляция түрінде, ішке, парентералды), сондай-ақ миометрияның жиырылу белсенділігін төмендету үшін қолданылады.
β1-адренорецепторларды таңдамалы ынталандыратын заттар да бар. Оларға добутамин жатады. Негізгі қасиеті-айқын оң инотропты әсер. Кардиотоникалық зат ретінде қолданылады