1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципі



бет22/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
4.3 Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципі

Қондырғы поршенді сораптан, тербелмелі-қондырғыдан, поршенді тербелмелі қондырғымен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен және ұңғыма ішіне құйылған сұйықты жоғары көтеретін (сорапты компрессорлық құбырдан) құбырлар тізбегінен тұрады (4.2 - сурет).



4.2- сурет - Штангалы терең сорапты қондырғының жалпы схемасы


Электрқозғалтқыш іске қосылып ременді беріліс арқылы редуктор-дың осіне орналасқан трансмиссиялық шкивтің айналуы арқылы тісті бері-ліспен кривошиптің айналуына қызмет етеді. Одан әрі кривошипке бекітіл-ген шатунның көмегімен теңгергіш жоғары-төмен қозғалыс жасап, теңгер-гіш басына орнатылған арқанды алқа арқылы штанг тізбегі ілгері-кері тік қозғалыс жасайды [4, 10].
Штангалы сорапты қондырғы жер асты және жер үсті жабдықтары-нан тұрады. Жер асты жабдықтары: цилиндрдің астында орналасқан сору клапанынан 1 (жылжымайтын) және плунжерлі-поршеннің жоғары жағын-да орналасқан айдау клапанынан 2 (жылжымалы), штангалы сораптан 3 және құбырлардан тұрады.
Сонымен бірге, жер асты жабдықтарына штангалы ұңғымалық со-раптардың түтікшелерінің қабылдау бөліміне жалғанған және қиын жағ-дайда (құм, газ пайда болғанда) оның жұмысын жақсарту үшін арналған әртүрлі сақтандырғыш қондырғыларды (газды бөлу және құмнан қорғау якорлары, хвостовик) жатқызуға болады.
Жер үсті жабдықтары тербелмелі-қондырғыдан (СК), электр қозғалт-қыштан - 13, редуктордан - 12, кривошиптен - 11, жүктерден - 10, шатун-нан - 9, теңгергіштен - 8, арқанды алқадан - 7, жылтыратылған штоктан - 6, сағалық сальниктен - 5 және сағалық үш жақты құбырдан - 4 тұрады.
Тербелмелі қондырғының барлық элементтері - пирамида, редуктор, электрқозғалтқыш - бетонды іргетасқа бекітілген рамаға орнатылады. Одан бөлек, барлық тербелмелі қондырғыларда, теңгергіш пен кривошипті кез-келген уақытта, берілген деңгейде тоқтату үшін тежегіш қарастырылған. Сонымен қатар, кривошипте шатунның қосылатын айналыс нүктесінде штанганың жүріс ұзындығын өзгертуге болатын бірнеше тесіктер орнатыл-ған. Қондырғының тербеліс санын өзгерту үшін редуктор ішіндегі транс-миссиялық беріліс санын және электрқозғалтқыш білігіндегі шкифтің диаметрін (кіші немесе үлкен) ауыстыруға болады.
Тербелмелі қондырғының түрлері мен өлшемдері, негізгі параметр-лері мемлекеттік стандартпен шығарылады. Штангалы ұңғымалық сорап ұзындығы 2÷4 метр болатын цилиндрден тұрады. Цилиндрдің төменгі бөлігінде қозғалмайтын сору клапаны бекітілген, ол жоғары көтерілгенде ашылады. Цилиндр құбырға ілінеді. Цилиндрдің ішімен ұзындығы 1÷1,5 метр болатын тегіс өңделген, жоғары қарай ашылатын, айдау клапанының қызметін атқаратын поршень-плунжер қозғалады. Плунжер штангіге ілініп бекітіледі. Плунжер жоғары көтерілген кезде, қысымның әсерімен сораптың қабылдауындағы сұйық сору клапаны арқылы ішкі бетін толтырады. Плунжер төмен түскен кезде сору клапаны жабылады да, плунжер астындағы сұйық сығылып, айдау клапаны ашылады. Осылай клапанның ашық болуымен плунжер сұйыққа толады. Келесі кезекте, плунжер жоғары көтерілгенде сұйықтың қысымымен айдау клапаны жабылады. Осыдан кейін плунжер поршенге айналады да, жүріс ұзындығы 0,6÷6 метр болатын биіктікке сұйықты көтереді. Плунжердің үстінде орналасқан сұйық ұңғыма сағасына жетіп, үшжақты құбырмен мұнай жинау жүйесіне қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет