1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Мұнай өндірудің негізгі тәсілдері



бет2/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

1.2 Мұнай өндірудің негізгі тәсілдері

Мұнай және газ өнімдерін пайдалану тәжірибесінің практикасына сәйкес, ұңғымаларды пайдаланудың 3 әдісі қолданылады:


1) фонтанды;
2) газлифтілі;
3) механикалық.
Фонтанды әдіс жаңадан ашылған кен орындарын игеру кезінде, тәртіп бойынша ұңғымадан мұнайды көтеріп шығару үшін қабат энергиясы жеткілікті болады. Сұйықты көтеріп шығару тек қана қабат энергиясының есебінен жүзеге асатын әдіс – фонтанды пайдалану тәсілі деп аталады [3].
Бұл әдісті пайдалануда негізінен энергия көзі болып, қабаттың өз қысымы пайдаланылады. Қабаттағы сұйықтың өз бетінше жоғары қарай көтерілуі келесі шарт орындалғанда ғана жүзеге асады:
Рзаб < Рпл
Рзаб ─ ұңғыма түбіндегі қысым;
Рпл ─ қабат қысымы.
Яғни, қабаттағы қысым ұңғыманың түбіндегі қысымнан көп болуы керек.
Фонтанды әдісті пайдаланып игеру ең тиімді әдіс болып табылады. Бірақ та, бұл әдіспен кен орнындағы мұнайдың барлығын өндіру мүмкін емес. Ол тек көбіне алғаш ұңғыманы бұрғылап пайдалануға берген уақытта, қабат қысымына байланысты қолданылады.
Газлифті әдісі. Сұйықты қабаттан жер бетіне көтерілуін башмак немесе клапан арқылы көтеру құбырларына сығылған газ көмегімен жүзеге асыратын мұнай ұңғымаларын пайдалану әдісі газлифті әдісі- деп аталады. Газлифтің жұмыс істеу принципі көтеру құбырларында сұйықты газдандыру және оның тығыздығын азайту. Газды үздіксіз айдау барысында газданған сұйық ұңғыма сағасына дейін көтеріледі де сыртқа шығады.
Механикалық әдіс дүние жүзі бойынша кең таралған және мұнайгаз кен орнындағы мұнай қоры таусылғанша қолданылатын әдіс. Кен орындарының 80÷90% -ке жуық ұңғымалары осы әдісті пайдаланады.
Механикалық әдіс - терең сорапты қондырғыны пайдалану, винтті сорапты, электр ортадан тепкіш сорапты пайдалану және т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді.
Бұл сораптарды пайдалану негізінен мұнай және газ кен орындарын игерудің соңғы сатыларында, ұңғымада сулану мөлшері 99%-ға жеткенше жүргізіледі [1,7].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет