Байланысты: азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Фонтанды арматура: Қысымы бойынша фонтанды ұңғымаларда келесі стандарттар қабыл-данған: арматуралар: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа жұмыс қысымына есептелген, оның ішінде 7, 14, 21 және 35 МПа қысымға арналған арма-туралар екі есе жұмыс қысымына сыналады, ал 70 және 105 МПа қысым-дық арматуралар жарты қысымға сыналады.
Фонтанды арматуралар екі элементтен тұрады: құбыр басынан және фонтанды шыршадан.
Фонтанды арматуралар:
фонтанды құбырдың бір немесе екі тізбегін жалғау үшін;
фонтанды құбыр мен шегендеуші құбыр аралығын бақылау және саңылаусыздандыру үшін;
ұңғыманы меңгеру, пайдалану және жөндеудің технологиялық операцияларын жүргізу үшін;
фонтанды шыршаның құрылысы бойынша - төрт және үш жақты;
ұңғымаға түсірілетін құбыр тізбегінің санына байланысты – бір тізбекті және екі тізбекті;
бекіткіш қондырғылардың түріне байланысты – ысырмалы және бұрандалы.
2.7- сурет - Фонтанды арматуралардың типтік схемасы:
а,б – үш жақты арматуралар; в,г – төрт жақты арматуралар. 1 - манометр; 2 - манометрге арналған бекіткіш қондырғы; 3 – манометрге арналған флянец; 4 – бекіткіш қондырғы; 5 - үш жақты құбыр; 6 – дроссель; 7-құбыр басының ауыстырғышы; 8 – флянецті жалғағыш; 9 – құбыр басы; 10-фонтанды шырша. Құбыр басы кондуктор және пайдалану құбырларының ұштарын бі-ріктіру үшін және құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандырып, тізбек басын және фонтанды шыршаны көтеруге, тірек қызметіне арналған.
Фонтанды арматуралардың шифрлары келесі түрде болады:
- АФТ-65Кр-140, үш жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 65мм, бұрандалы, 14 МПа жұмыс қысымына арналған;
- АФК-50Кр-210 – төрт жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 50 мм, бұрандалы, 21 МПа жұмыс қысымына арналған.
Фонтанды арматураның салмағы 3 тонна, биіктігі 4 м, ені 3,3 м.