1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Фонтанды ұңғымалардың жабдықтары



бет7/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

2.4 Фонтанды ұңғымалардың жабдықтары

Өнімді қабаттың геологиялық сипаттамасы мен ерекшеліктеріне байланысты ұңғыманың құрылысы әртүрлі болады. Ұңғыма құрылысының негізгі элементтеріне жататындар: - қысқа бағыттаушы құбыр (5÷15 метр), кондуктор (100÷500 метр), техникалық құбыр (аралық құбыр) және пайда-лану құбыры (өнімді қабатқа дейін).


Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың, сонымен қатар жер қойнауын қорғау және техника қауіпсіздігінің шарттарына: құбыр аралық кеңістіктің саңылаусыздығын, ұңғымаға СКҚ түсіруді, ұңғымалардың жұ-мысын бақылау және жөндеу жұмыстары кезінде қысқа мерзімге ұңғыма-ны жабуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыстар фонтанды ұң-ғыманың сағасындағы жабдықтардан (тізбек басы, фонтанды арматура жә-не манифольд) тұратын қондырғының көмегімен жүзеге асады (2.3-сурет).


2.3-сурет - Үш жақты фонтанды арматураның схемасы


Тізбек басы. Ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру мақса-тында, ұңғыма сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін, сонымен қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған [7].
Тізбек басының корпусы 1 кондуктордың жоғарғы басына бұранда-лы қосылыспен бекітіледі (2.4-сурет).
Шегендеуші құбыр (10) арнайы муфтаға (7) бекітіледі. Тізбек басы-ның корпусымен (1) муфта (7) аралығындағы саңылау, муфтамен (2) және екі сақиналы арнайы мұнайға төзімді резинамен (3) саңылаусыздандыры-лады. Олар берік отырғызылуы үшін, муфтаны жарты сақиналармен (5) және фланцты (4) болт арқылы корпусқа бекітіледі. Муфтаның (7) жоғары бөлігі фонтанды арматураға бекітілуі үшін фланецпен (6) аяқталады.
Тізбек басының қысымын тексеру үшін және құбыраралық кеңістік-тегі қысымды бақылау үшін бүйір шығу жолында жоғары қысымды кран (9) және манометр (8) қарастырылған.

2.4-сурет - Бір шегендеу құбырына арналған қарапайым тізбек басы-ның конструкциясы
1- тізбек басының корпусы; 2 – муфта; 3 - екі сақиналы арнайы мұнайға төзімді резина; 4 - фланцты байланыс; 5 - жарты сақина; 6 - фонтанды арматураға бекітуге арналған фланц; 7 - арнайы муфта; 8 – манометр; 9 - жоғары қысымды кран; 10 –кран; 11 - шегендеуші құбыр.

Тізбек басы - бір, -екі, -үш, -төрт және бес тізбекті болады.


Тізбек басы: төрт жақты құбырдан; үш жақты құбырдан тұрады.
Тізбек басы- бір фланецті және екі фланецті болады (2.5-сурет).

Тізбек басының конструкциясына қойылатын талаптар:



  • құбыр аралық кеңістікті сенімді саңылаусыздандыру;

  • барлық құбыр аралық кеңістіктегі қысымды бақылауға мүмкіндік-тің болуы;

  • шегендеу құбырының тез және сенімді бекітілуі;

  • бір тізбек басына әртүрлі шегендеу құбырының бекітілу мүмкіндігі, яғни әмбебап болуы;

  • құрастырудың тез және ыңғайлы болуы;

  • мүмкін биіктіктің ең аз болуы.


2.5-сурет - «ФМС-Сибнефтегазмаш» зауытында дайындалған тізбек бастары:


а – бір фланецті; б – екі фланецті.

Тізбек басы 14,0; 21,0; 35,0; 50,0 және 70,0 МПа жұмыс қысымына есептелініп шығарылады. Кейбір жағдайларда (газ ұңғымаларында) 150 МПа жұмыс қысымына дейін есептелген тізбек басы қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет