2.5 Фонтанды ұңғыманың жұмысын реттеу
Кен орнын игерудің бастапқы сатыларында фонтанды ұңғымалар мен жоғары шығымды ұңғымалар мұнай өндіру мекемесінің мүмкіндік-терін анықтайды. Сондықтан олардың жұмысын зерттеу, реттеу және ба-қылауға үлкен көңіл аударылады. Сонымен қатар, фонтанды қондырғы те-реңдік зеттеулерді жүргізуге, тереңдік зерттеу мәліметтерін алу, құйылу профилін түсіру және басқа зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Фон-танды ұңғыманың дәлелді пайдалану режимін анықтау үшін, әр түрлі тәжі-рибелі режимдердің жұмыс нәтижелерін білу маңызды болып табылады.
Тәжірибе жүзінде мұнай және газ өндіруші ұңғымалардың жұмыс мерзімін жоғарылатуда басқа әдістермен салыстырғанда фонтанды әдісті қолдану тиімді болып табылады, себебі шығын аз жұмсалады.
Ұңғыманың фонтандауын ұзартудың негізгі әдістеріне:
Ұңғыманың өнімділік коэффициентін жоғарылату. Өнімді қабат-тың геологиялық-литологиялық сипаттамасына және оны қанықтырушы флюидтерге, кенішті игеру сатыларына және басқа да жағдайларға тәуелді болуына байланысты ұңғымалардың түп аймағының сүзілу сипатын жоға-рылату үшін әртүрлі әдістер қолданылады (қышқылмен өңдеу, гидравли-калық жару, жылумен өңдеу, кешенді термохимиялық және механикалық әсер ету және т.б.).
Қабаттан ұңғымаға келетін мұнайдың сулану дәрежесін төменде-ту. Ұңғыма өнімінің сулануын төмендету іс-шараларына: қабатқа айдала-тын су ағынының қозғалысын реттеу және бақылау; ұңғыма түбіне қабат суларының келуін болдырмау және саңылаусыздандыру; ығыстырылатын мұнай мен ығыстыратын судың салыстырмалы тұтқырлығын реттеу және т.б.
Мүмкін болса, ұңғыма сағасындағы қысымды төмендету керек. Бұл қысымның мәні қандай жағдайда болмасын мұнай-газ-су жинау жүйе-сіндегі қысымнан төмен болмау керек.
Көтергіш құбырдың диаметрін кішірейту, егер экономикалық жағынан тиімді болса. Бұл жағдайда ұңғыманың өнімі азаяды.
Егер, фонтанды әдіс басқа әдістерге қарағанда экономикалық жағынан тиімді екені дәлелденсе, онда қабат қысымын ұңғыманың фон-тандауын қамтамасыз ететін деңгейде ұстау керек.
Түптік штуцерді қолдану.
Кейбір жағдайларда ұңғыманың фонтандауын ұзарту үшін түптік штуцер қолданылады, ол көтергіш құбыр тізбегінің төменгі бөлігінде немесе сағада шығу желісінде орналасады.
Фонтанды ұңғыманың жұмыс режимін штуцерді алмастыру арқылы өзгертеді (яғни оның өту саңылауының диаметрін өзгертеді). Штуцерді ауыстыру кезінде аздаған уақыт ұңғыманың жұмысын тоқтатуға тура келеді және соған байланысты оның шығымы және түптік қысымы өзгеруі нәтижесінде болатын шығын жоғалтудан кейін, қабаттың және ұңғыманың қалыптасқан режимге көшу ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін. Ол қабаттың гидроөткізгіштігіне және пьезоөткізгіштігіне, сонымен қатар шығымның салыстырмалы өзгеруіне байланысты болады.
Ұңғыманың қалыптасқан режим белгілеріне - шығым тұрақтылығы және ұңғыма буферіне немесе құбыраралық кеңістікке жалғасқан мано-метр көрсеткіштерінің тұрақтылығы жатады. Әдетте, бұл уақыт бірнеше ондық сағатпен өлшенеді.
Реттеу қисықтарын және индикаторлық қисықты тұрғызу үшін, ұңғыманың төрт жұмыс режимін ауыстыру қажет. Қалыптасқан жұмыс ре-жиміне көшкеннен кейін, лубрикатор арқылы ұңғыма түбіне тереңдік манометрін немесе басқа аспаптарды түсіреді, ал жер бетінде мүмкін дәл-дікпен шығымды, өнімнің сулануын, құрамындағы құмды және ұңғыма өніміндегі қатты бөлшектерді, газ факторын, немесе жай газдың шығы-мын, буферлі және құбыраралық манометр көрсеткіштерін (амплитуда, арматура мен манифольдтың діділдеуі) өлшейді. Алынған нәтижелер бо-йынша реттеу қисықтар деп аталатын, яғни өлшенген көрсеткіштердің штуцер диаметріне тәуелділіктерін тұрғызады (2.9-сурет).
2.10-сурет - Фонтанды ұңғыманың реттеу қисықтары.
d —штуцердің диаметрі; 1— рс – түптік қысым, МПа; 2 — Г0 — газ факторы, м3/м3; 3— Q — ұңғыма өнімі, м3/тәу; 4 — Δр — депрессия, МПа; 5— П — сұйық құрамындағы құмның мөлшері, кг/м3; 6 — n — ұңғыма өніміндегі судың мөлшері, %
Реттеу қисықтары берілген ұңғыманы игерудің технологиялық нор-маларын және оның тұрақты жұмыс режимін анықтау үшін бір негіз болып табылады, мысалы:
жіберілмейтін түптік қысым Рс қанығу қысымынан Рнас төмен бол-мау керек Рс ≥0,75Рнас;
минимальды газ факторына немесе оның белгілі шамадан аспайтын мәніне сәйкес келетін режимді қалыптастыру ұңғы сүзгісінен тыс қабатта кавернаның пайда болмауы үшін шығатын құм мөлшерінің күрт артуын болдырмауға сәйкес келетін режимді қалыптастыру;
ұңғыма өнімінде судың пайыздық мөлшері күрт артуын болдыр-мауға сәйкес келетін режимді анықтау;
шегендеу бағанасының бүгуі мүмкін болатын,қысымды ұңғы түбін-де болдырмау;
буфер немесе құбыраралық кеңістікте қысымды арматура және жал-пы жер бетіндегі қондырғының беріктігі және сенімділігі жағынан қауіпті мәнге ие болатын қысымда режимді болдырмау;
ұңғыма буферіндегі қысым мұнайгаз жинау жүйесі лақтырынды ма-нифольдтық қысымнан төмен болатын режимді болдырмау;
үздіксіз фонтандау үрдісін бұзатын бүлкілдеу пайда болатын ұңғы-маның жұмыс режимін болдырмау;
дренаждаудың активті үрдісі кезінде ең үлкен қабат қалыңдығы не-месе ең үлкен өнімді қабатшалар саны алынатын режимді қалыптастыру. Ол ұңғыма жұмысының әртүрлі режимінде ағын профилін, тереңдік өнім өлшегіш көмегімен түсіру арқылы анықталады.
Берілген ұңғыма жұмыс режимі қалыптасқаннан кейін, оны кейін ұс-тап тұруды ұқыпты бақылайды.
Әсіресе, ұқыпты бақылау жоғары шығымды фонтанды ұңғымалар үшін қарастырылады. Арматураның периодты бақылауы кезінде жалға-суындағы саңылаусыздығының бұзылуы, қондырғы элементтерінің қауіпті дірілі, манометр көрсеткіштерінде жазылады. Ұңғыманың қалыпты жұмы-сынан ауытқуы буферлі және құбыр сыртқы қысымның аномальды өзгеруі, мұнай шығымының өзгеруі, сулануы, құм мөлшері және т.б. бойынша білуге болады.
Мысалы: буферлі қысымның төмендеуі кезінде, құбыраралық кеңіс-тікте қысым артқанда, СКҚ ішкі бетінде парафиннің немесе минералды тұздардың қауіпті қабаттануын көрсетеді. Буферлі қысым және құбырара-лық қысым бір уақытта төмендесе, ұңғыма түбінде құм тығынының немесе ауыр минералды қабат суының түппен СКҚ башмак арасында жиналуын көрсетеді. Осы аралықта шығатын ағынның аз жылдамдығы белгілі шарттарда түптік қысымның артуына алып келеді. Буфердегі қысымның түсуі және шығымның осы кезде көбеюі, штуцердің желінгенін және оны өзгерту қажет екенін көрсетеді. Штуцердің ластануы немесе манифольдта және лақтырынды шлейфте парафиннің қабаттануы, және сол кезде шы-ғымның азаюы буферлі және құбыраралық қысымның үлкеюіне алып ке-леді.
Мұнай ұңғымаларын фонтанды әдіспен пайдаланудың негізгі артық-шылықтарына:
сенімділік, ұңғыманы пайдалану коэффициентінің жоғары болуы, жөндеу аралық кезеңнің ұзақтығы, ұңғымада жылжымалы қондырғылар-дың болмауы;
ұңғыманы пайдалануда электр энергиясын қажет етпеуі;
ұңғыма түбіне дейін қондырғыларды түсіріп ұңғыманың жұмысын және қабаттың параметрлерін өлшеуге мүмкіндіктің болуы;
ұңғыма жұмысының параметрлерін сағалық немесе түптік штуцер-дің (реттегіш) көмегімен реттеудің мүмкіндігі;
басқа пайдалану әдістерімен салыстырғанда қызметкерлердің аз болуы.
Пайдаланудың фонтанды әдісінің негізгі кемшілігі, ол ұңғыма түбін-дегі салыстырмалы жоғары қысымды ұстап тұру және сұйықтың көп мөл-шерде сулануы бұл әдістің қолдану аумағын шектейді.
Фонтанды әдісті қолдану аумағы келесі шартпен анықталады: фон-танды ұңғыманың өнімі қабаттан сұйықты алудың технологиялық мөлше-рінен аз болмауы керек. Керісінше жағдайда фонтанды ұңғыманы механи-калық пайдалану әдістерінің тиімдісіне ауыстыру қажет, осыдан кейін тех-нологиялық тиімділік емес, сонымен қатар экономикалық тиімділікте алы-нуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |