2.6 Фонтанды ұңғыманың жұмысы кезінде болатын қиындық-тар және олардың алдын алу
Әр түрлі мұнай кен орындарында бөлек-бөлек орналасқан өнімді қа-баттарды пайдалану жағдайлары бір-бірінен өзгеше болады. Осыған сәйкес фонтанды ұңғымалардың жұмысында болатын қиындықтар да әртүрлі. Бі-рақ, әдеттегі және жиі болатын, немесе салдары жағынан ең қауіпті қиын-дықтарға келесілер жатады:
- сағалық арматураның саңылау сызығы бұзылуы нәтижесінде бола-тын ашық реттелмейтін фонтандау;
- фонтандау кезінде бүлкілдеу, ол ұңғыманың уақыт бұрын тоқта-туына әкеледі;
- құм шығаруға бейім, тұрақты емес қабаттарды пайдалану кезінде, ұңғыма түбінде және СКҚ ішінде құм тығынының пайда болуы;
- ұңғыма түбінде және СКҚ ішінде тұздың қабаттануы және т.б..
Ашық фонтандау.
Мұнай және газ ұңғымаларын меңгеру және игеру кезінде ашық фон-тандаудың салдарынан фонтанды ұңғымаларда өрт болу кездері болатыны белгілі. Бұл кен орнының уақытынан бұрын таусылуына алып келумен қа-тар, ұңғыма сағасының айналасына бірнеше ондаған метрге дейін мұнай қалдықтары төгіліп қоршаған ортаны ластайды.
Мұндай фонтанды сөндіру және жою үшін екінші көлбеу ұңғымасын бұрғылау және онда атом зарядын жару қолданылады. Мұндай ашық фонтанның ауырлық дәрежесі, осы апатты шақыру себебі сияқты әртүрлі. Қабатты ашу және ұңғыманы игеру үрдісіндегі қиындықтар және ойда болмаған бұзулармен қатар, сағалық қондырғыда, соның ішінде, фонтанды арматурадағы бұзылыстар үлкен рөль ойнайды және жалғасулардың тығыз еместігі немесе арматураның дірілдеуі салдарынан болатын бұзылыстар, газсұйық қоспасы (ГСҚ) ағынындағы абразивті қоспаның жеу қасиетінің нәтижесінде болатын үзілулер ауыр апаттың себебі болуы мүмкін. Олардың алдын-алу үшін, арматураны әрқашан екі есе сынау қысымымен (кейде біржарым есе) нығыздап, сынақтан өткізеді.
Соңғы уақытта, ашық фонтандаудың алдын-алу үшін әртүрлі айыр-ғыштар игеріліп, қолданыс тапқан, олар ұңғыманың біршама тереңдігіне түсіріліп немесе фонтанды құбыр бағанасының башмак астына да түсірі-леді. Шегендеу бағанасының шлипсасында орнатылатын айырғыштар болады, ол автоматты түрде СКҚ немесе шегендеу бағанасы қимасын, сұйық шығыны шекті мәннен асып, күрт артқан жағдайда жабылады. Шетелде фонтанды құбырда орнатылатын айырғыштар қолданылатыны белгілі. Мұндай айырғыштарда ГСҚ критикалық шығын кезінде, автомат-ты түрде ағынды жауып, ашық фонтандаудың алдын алады. Фонтанды құ-быр қимасын мәжбүрлі жабатын айырғыштар белгілі. Олар шарлы кран тү-рінде жасалған, оны бұру гидравликалық жолмен, жер бетінен іске асады. Мұндай шарлы кранның тартпалы механизмі фонтанды құбыр бағанасына жалғасқан кіші диаметрлі (12,18 мм) құбырша көмегімен жер бетіне шы-ғып, қысым көзіне әдетте, ұңғыма желісіне қосылады. Құбырда қысым болғанда, шарлы кран ашық болады, ал кішкене құбыршада қысым түскен кезде, шарлы кран серіппелі механизм көмегімен бұрылып, фонтанды құ-бырды жабады.
Жай беттік механикалық істейтін айырғыштар болады, олар мани-фольд желісіне орнатылады, және фонтанды ұңғыманы тотығудан немесе механикалық зақымданудан шығару желілеріндегі үзілулер кезінде жаба-ды.
Фонтанды ұңғымадағы бүлкілдеудің алдын-алу үшін фонтанды құ-быр бағанының төменгі ұшында арнайы жұмыс саңлауы немесе клапан қолданылады.
Бүлкілдеу - СКҚ-дағы ағын бағанасы тығыздығының қысқа уақытқа артуы нәтижесінде уақыттан бұрын фонтандаудың бітуіне, газсыздануына және түп қысымының артуына әкеледі. Құбыраралық кеңістіктің үлкен көлемі оның ішінде газдың үлкен көлемінің жиналуына әкеледі, ол Рс<Рнас шарты кезінде периодты түрде СКҚ башмағы арқылы фонтанды құбырды толық үрлегенше өтеді. Түптік қысым төмендеп, содан кейін ұңғыма ұзақ уақыт бойы сұйықты жинау үшін жұмыс істейді.
СКҚ-дың башмагынан біршама биіктікте (30÷40м) кішкене (бірнеше мм) саңылаудың болуы, СКҚ-дың құбыраралық кеңістігіне газдың салыс-тырмалы тұрақты енуін қамтамасыз етеді, және газдың башмак арқылы шығып кетуін болдырмайды. Жиналатын газ, сұйық деңгейін саңылаудан төмен ығыстырғаннан кейін, ол СКҚ-на еніп, бүлкілдеу тоқтайды. Егер саңылаудағы қысым айырмасы ∆Р болса, онда сұйық деңгейі а=∆pqg те-реңдікте сақинадан төмен сақталады. Осыған ұқсас басты рольды жұмыс клапаны атқарады, онда қысым белгіленген шамадан артқан кезден, серіп-пелі клапан іске келіп, газды құбыраралық кеңістіктен СКҚ-ға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |