1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Штангалы сорапты қондырғының берілісі және беріліс



бет23/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
4.3.1 Штангалы сорапты қондырғының берілісі және беріліс
коэффициенті

Плунжер жүріс санына байланысты жоғары қарай көтерілгенде q1 сұйық көлемі бөлінеді:


(4.3)
мұндағы: - плунжердің қима ауданы (немесе сорап цилиндрінің);
- штанг қимасының ауданы.
Плунжер төмен түскен кезде көлемі q2 болатын, жүріс санына байланысты қосымша сұйық бөлінеді:
(4.4)
Плунжер толық жұмыс жасағанда, сораптың берілісі жоғары және төмен қозғалғандағы берілістің қосындысына тең болады:
. (4.5)
Егер плунжер минутына n жүріс жасаса, онда минуттағы беріліс тең болады. Минут санын тәулікке көбейтіп, бірлік көлемдегі тәуліктік берілісті аламыз:
. (4.6)
Плунжер мен штанг ілінетін нүктедегі, яғни жоғары-төмен қозғалыс жасайтын теңгергіш басына жалғанған ұзын штанг тізбегін серпімді стержен етіп қарастыруымыз керек. Осыған байланысты плунжердің қозға-лысы, амплитуда бойынша, немесе фаза бойынша салыстырғанда іліну нүктесіндегі қозғалысқа сәйкес келмейді. Басқа сөзбен айтқанда плунжер-дің жүрісі іліну нүктесінің жүрісіне тең емес. Плунжердің нақты жүрісі ті-келей өлшеммен берілмейді. Ілу нүктесінің жүрісі өлшем бірлікпен беріле-ді және тербелмелі-қондырғының паспортында көрсетіледі.
Сол себептен (4.6) теңдеудегі орнына мәні қойылады, осыдан штангалы сорапты қондырғының теориялық беріліс теңдеуі алынады:
. (4.7)
Сепарациядан кейінгі және суытылған мұнайдың нақты берілісі QД , ереже бойынша теориялық берілістен кіші болады. QД мәнінің QТ –ге қатынасын, штангілі сорапты қондырғысының берілісіне дұрыс әсер ететін және мүмкін факторларды ескеретін сораптың беріліс коэффициенті деп атайды:
. (4.8)
Әрбір нақты ұңғымалар үшін мәні қондырғының айдау режимін және жабдықтарды дұрыс таңдауда дұрыс көрсеткіш болып табылады. Егер, болса қалыпты болып есептеледі.
Бірақта, кейбір шарттарда беріліс коэффициентінің осы мәнін ала ал-майтын кездер кездеседі, және де осы жағдайға қарамастан штангілі со-рапты қондырғының көмегімен сұйықты айдау, пайдаланудың ең тиімді әдісі болып қалуы мүмкін.
Штангілі сорапты қондырғының беріліс коэффициентіне тұрақты жә-не айнымалы факторлар әсер етеді.
Тұрақты факторларға:
- айдалатын қоспаға бос газдың әсерін;
- сорап штангілері мен құбырлардың серпімді деформациясының есебінен штанг ілінетін нүктедегі жүріс пен салыстырғанда плунжердің пайдалы жүрісінің азаюын;
- жер бетінде салқындауы және сепарациялық қондырғыда газдан ажырауы есебінен айдалатын сұйық көлемінің азаюын жатқызуға болады.
Уақыт бойынша өзгеретін айнымалы факторларға:
- айдалатын сұйық құрамында абразивті қоспалардың болу санына және сораптың тозу дәрежесіне тәуелді болатын, цилиндр мен плунжер арасында саңылаудан сұйық кету;
- сорап клапандарын күтпеген жерден ашып-жабуы кезінде, ең бас-тысы олардың тозып немесе коррозияға ұшырауынан саңылаудың пайда болуы;
- сорапты компрессорлық құбырлардың муфталық қосылыстарын дұ-рыс бекітпеуінен арасында саңылаудың болуы және барлық уақыт бойына айнымалы күштердің пайда болуына алып келеді.
Айнымалы факторлар уақыт бойынша өзгеріп тұрады, сол себептен оларды есептеу жолымен анықтау қиын болады. Бұл ұңғымаға жаңадан тү-сірген сораптың беріліс коэффициентінің алғашқы уақытпен салыстыр-ғанда плунжердің жұмыс істеуі кезінде аз ғана төмендеуінен кейін ұзақ уа-қытқа дейін тұрақты болып қалуына алып келеді. Осыдан кейін клапан-дардың тозуынан, ершіктердің және плунжер мен цилиндрдің арасындағы қуыстың үлкеюі әсерінен ол белгілі қарқынмен төмендей бастайды. Осыған байланысты сораптың беріліс коэффициентін қорытынды түрінде, оның берілісіне әсер ететін әртүрлі факторларды ескере отырып келесі түр-де өрнектейміз:
, (4.9)
мұндағы: - бос газдың әсерін ескере отырып, сорап цилиндрін сұйыққа толтыру коэффициенті; - плунжердің жүрісінің төмендеуінің әсерін ескеретін коэффициент; - сораптың жұмыс істеуі кезінде сұйық кетуін ескеретін коэффициент; - беттік ыдыстарға жеткендегі сұйықтың көлемінің төмендеуін ескеретін коэффициент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет