1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Штангалы винтті сорапты қондырғылардың классифика-циясы



бет31/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

4.4.3 Штангалы винтті сорапты қондырғылардың классифика-циясы

ВСШҚ ұңғымалы жабдықтары СКҚ тізбегінен, сорап статоры және роторынан, штанг тізбегінен және СКҚ тізбегінің төменгі бөліктерінен тұрады (көмекші ұңғымалы жабдықтары) [5].
СКҚ тізбегінің төменгі бөлігіндегі жабдықтар ұңғымаларды пайдала-ну шарттары бойынша келесі элементтер болуы мүмкін:

Шетелдік және отандық практикада ВСШҚ көптеген схемалары жә-не типтік өлшемдері белгілі, оларды төмендегідей түрде топтастыруға бо-лады:
- жетек түрлері бойынша: электр жетекті, көлемдік гидрожетекті, газ қозғалтқышты қондырғыларға бөледі. Кеңінен таралған номинальды айна-лу жиілігі 1000 айн/мин айнымалы токты асинхронды электр жетекті ВСШҚ. Электрқозғалтқыш қуаты 3÷100 кВт.
- жетектің кинематикалық схемасы бойынша ВСШҚ бір және екі сатылы трансмиссия болып бөлінеді. Бір сатылы трансмиссия ременді, шынжырлы немесе тісті берілістерден жасалуы мүмкін. Екі сатылы схема-сы (бірінші саты-ременді беріліс, екінші саты-тісті беріліс) тез жүрісті же-текші қозғалтқышты қолдануға мүмкіндік береді.
Бір сатылы ременді трансмиссиялы жетектер схемасы кеңінен қолда-нылып жүр. Ременді беріліс түрі бойынша жетектер - сыналы ременді және тісті ременді болып бөлінеді.
Көп жағдайларға ВСШҚ қарапайым, көп қатарлы сыналы ременді берілістер қолданылады. Жетекші басты білігінің құрылысы бойынша бү-тін және жартылай білік түрінде жинақталады.
Бүтін білікті жинақ шынықтырылған штокпен бірге жасалынады жә-не роторды тік бағытта реттеу мүмкіндігін азайтады. Сондықтан жетекші білік жартылай түрінде жасалып, штокқа қосылады.
Жетекші қозғалтқыштың орналасуы бойынша қозғалтқыш өсі тік жә-не көлденең орналасуы мүмкін. Қозғалтқыштың тік орналасуы бір сатылы ременді трансмиссияға қолайлы, көлденең орналасу (қозғалтқыш өсі ұңғы-ма өсіне перпендикуляр орналасқан кезде) тісті конусты берілісті жетектер үшін.
Жетекші біліктің жылдамдығын реттеу әдістері бойынша ВСШҚ рет-телетін жетекші қозғалтқышты (электрлі немесе гидравликалық) және трансмиссияның беріліс қатынасы реттелетін жетектер болып бөлінеді.
Статордың бекітілу схемасы бойынша құбырлы (статор СКҚ тізбегі-нің соңына резьба арқылы бекітіледі) және салынатын (статор штангы ар-қылы ротормен бірге түсіріледі және СКҚ тізбегіне арнайы құлып көмегі-мен бекітіледі) винтті сораптарға бөлінеді.
Шегендеуші құбырларға СКҚ төменгі бөлігінің бекітілу схемасы бо-йынша еркін және якорлы жинақ түрінде болады.
Сораптың кинематикалық схемасы бойынша екі вариантта жасалады: ішкі элементі айналатын (винтті) және сыртқы элементі айналатын (обой-ма).
Винтті айналатын типтік схема - конструктивтік жағынан да, пайда-лану жағынан да қарапайым, әрі тиімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет