Байланысты: азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Салынатын сораптарда − цилиндр СКҚ тізбегінің ішіне штангы тізбегімен түсіріліп арнайы құлыпты қосылыс көмегімен отырғызылады. Сораптардың цилиндрі және сору клапаны СКҚ тізбегіне бекітіліп, бірге ұңғымаға түсіріледі. Ал плунжер айдау клапанымен штангы арқылы түсіріледі. Құбырлы сораптар құрылысы қарапайым және үлкен шығымды ұңғымаларға қолданады.
Жөндеу жұмыстары кезінде салынатын сорапты жоғарыға шығару үшін, тек штангаларды шығару жеткілікті, сол арқылы барлық сорап шыға-рылады.
Салынатын сорапта берілген диаметрлі құбырлар арқылы тек плунжер ғана емес, сонымен қатар қапталмен (кожух) цилиндр жіберіледі, сондықтан салынатын сораптың плунжер диаметрі құбыр диаметрінен бірнеше есе аз болу керек. Сол үшін берілген диаметрдегі құбырда салынатын сорапты жіберу әрқашан салынбайтын сорапқа қарағанда аз.
Бұл салынатын сораптың СКҚ тізбегін көтерусіз алыну мүмкіндігін тудырады. Бірақ, бірдей диаметрлі плунжерлерде салынатын сораптарға үлкен диаметрлі СКҚ қолдану қажет етеді. Мысалы: диаметрі 43 мм плунжерлі құбырлы сорапты, диаметрі 60 мм СКҚ түсіруге болады, ал дәл осындай диаметр салынатын сорапта диаметрі 73 мм-лік СКҚ қолдануды талап етеді.
Қазіргі кезде МЕСТ 6444-78 сәйкесті сорап цилиндрлері төлке және бүтін металл түрінде жасалады. Төлкелі сорап қорапқа орнатылып, соңы муфталармен қысылған ұзындығы 300 мм төлкеден тұратын цилиндр. Төменгі муфтаға сору клапаны орнатылған.
Сораптар 99% дейін суы бар, динамикалық тұтқырлығы 0,1 Па∙с, күкірт қышқылы H2S − 0,1% дейін және 0,5% механикалық қоспалары бар температурасы 1300С дейінгі сұйықты айдауға арналған.
ГОСТ бойынша ұңғымалы сораптардың келесі түрлері дайындалады:
НСВ1, НСВ2 - салынатын, бір және екі сатылы, екі плунжерлі, төл-келі цилиндрлі, құлыпы жоғарыда.
НВСД- салынатын, бір сатылы, бір плунжерлі, төлкелі, цилиндрлі құлыпы жоғарыда.
НСН1, НСН2 - салынбайтын, бір және екі сатылы, бір плунжерлі, төлкелі, цилиндрлі штокты ұстағыш.
НСНА- салынбайтын, бір сатылы, бір плунжерлі, төлкелі, цилиндр-лі, автоұстағышты.
НСВ15-салынатын, төлкесіз, цилиндрлі.
НГН-1 - түріндегі штогы бар салынбайтын сорап (28; 32; 43; 55; 68 мм).
НГН-2 түріндегі ұстағышы бар салынбайтын сорап (28; 32; 38; 43; 55; 68; 82; 93 мм).
Ұзындығы 1200 мм плунжер 1500 м тереңдікке дейін қолдануға бо-лады, ал 1500 мм плунжер 2000 м, 1800 мм плунжер 2000 м тереңдікке ар-налған.
Штангалар және олардың қосқыш муфталары МЕСТ 13877-80 бо-йынша дайындалады. Штанга ұзындығы 8 м-ге дейін жетеді. Штанга соң-дарында резьба ойылған және кілтпен бұрауға арналған квадрат болады.
Штангалардың негізгі диаметрлері 12, 16, 19, 22 және 25 мм болады. Сорап плунжерін түсіру тереңдігін қатаң сақтау үшін ұзындығы 1; 1,2; 1,5; 2 және 3 м қысқа штангалар қолданады.
Штангалардың ұзақ мерзімділігіне, оларды дұрыс пайдалану арқылы жетуге болады. Бірінші кезекте арнайы тасымалдау құралдарымен тасымалдау, түсіріп – көтеру операцияларында штангаларды тік жағдайда орнату, элеваторларды қолдану.
Берілген нақты диаметрлер номиналды диаметрден 1–2 мм артық болуы мүмкін (93 мм үшін сораптың нақтылық диаметрі 96 мм диаметрге дейін жетеді). Бұл плунжер, цилиндр және сораптың басқа да тетіктерін зауыт немесе ұстаханаларда қалпына келтіргеннен кейін қайта қолдану жағдайымен түсіндіріледі.