1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы



бет28/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
Сорап цилиндрлері
Цилиндр қысқа (0,3 м) болат немесе шойыннан жасалатын төлкеден жиналады, төлке арнайы түзеткіште қапталған (кожух) салынып, және бүйірімен муфта қапталымен қысылады. НГН-1 сораптарында төлке саны 2-ден 7-ге дейін болса, бұл плунжер жүрісін 0,9 м дейін қамтамасыз етеді. Төлке саны НГН-2 сораптарында 6 – 24 дейін және НГВ-1 сораптарында 9 – 27 дейін болса, плунжердің 6 м-ге дейінгі жүрісін қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайларда қысқа жүрісті сораптардың цилиндрлері ішкі беті тегіс өңделген, тұтас болаттан жасалатын құбырдан жасалады. Тұтас ұзын цилиндрді жасап шығару техникалық жағынан қиын, себебі бұл кезде қажетті дәлдікті ұстау іске аспайды. Конструкция жағынан салынатын сораптар салынбайтын сораптармен салыстырғанда біршама күрделі.
Барлық сораптар плунжер мен цилиндрдің аралығындағы қуыс өл-шемі бойынша отырғызудың үш тобына бөлінеді:


Отырғызу тобы

I

II

III

Қуыс, мкм

20—70

70—120

120—170

ІІІ топтағы отырғызу сораптары негізінен терең емес ұңғымаларға, яғни тұтқыр, өнімділігі жоғары сұйықтарды айдауда қолданылады. ІІ топ-тағы отырғызу сораптары негізінен орташа тереңдіктегі ұңғымаларға, яғни майлылы сұйықтарды айдауда қолданылады. І топтағы отырғызу сорапта-ры негізінен терең ұңғымаларға, яғни майлы, құрамында құм кездеспейтін сұйықтарды айдауда қолданылады.


Сорап плунжерлері
Плунжерлер ұзындығы 1,2 м болатын стандартты ұзындықтағы бо-лат құбырдан жасалады. Сыртқы беті – хромдалып жылтыратылған.
Плунжерлер тегіс (4.6-сурет, а), айналмалы жырасы бар (4.6-сурет, б), винтті жырасы бар (4.6-сурет, в) және «пескобрей» (4.6-сурет, г) түрін-дегі.
Осыдан бөлек, НГН-2Р сораптарында қолданылатын үш және төрт резиналық сақиналары бар армирленген плунжерлерде болады, мұндағы НГН – 2Р - салынбайтын 2 түріндегі плунжерлі, (Р) резиналы сақинасы бар тереңдік сорап.
Егер сораптың цилиндрі төлкесіз, ал плунжер сақиналы резина бол-са, онда шифрге Б әріпі қосылады, мысалы, НГН-1РБ (Б әріпі втулкасыз дегенді білдіреді).

4.6-сурет - Штангалы терең сорапты қондырғыларда қолданылатын плунжерлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет