1. Физикалық география нені зерттейді?



бет2/4
Дата06.07.2018
өлшемі0,84 Mb.
#47761
1   2   3   4

План элементтері


План элементтері –– сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ декольдермен және темплеттермен сызылады.[2]

Пландар дәлдігі


Пландар дәлдігі –– пландағы объектілер орындарының жергілікті жердегі нақтылы орындарымен айырмашылығы шамасын сипаттайтын ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған контурлар орны мен нүктелер биіктігі жер бетінде тексеру-өлшеу нәтижелерінен алынған мәліметтер айырмашылығымен бағаланады. Шектеулі айырмашылық нұсқаулармен белгіленген орташа квадраттық қателіктердің екі есе шамасынан аспауы қажет. Шектеулі шамадан асатын айырмашылық саны жалпы тексеру-өлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі айырмашылық саны 10%. Орташа қателіктерді есептеуге шектеулі шамадан асатын барлық айырмашылықтар енгізіледі.[2]

2. Глобус-Жердің моделі?

Глобус(лат. globus–шар) – Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы геогр., саяси, тектоникалық, климаттық, т.б. болып бөлінеді
Глобус — картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Жер Глобусы тақырыбы (жалпы географиялық, саяси, тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу мақсаты бойынша бөлінеді. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30 млн — 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492жылы) деп саналады.[1]

Глобус - Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі.


 Австрия еліндегі Вена қаласындағы Ұлттық кітапханасында орналасқан. Бұл мұражай 1956 жылы ашылған. Қазір мұражайда 590 экспонат бар. 1492 жылы атақты неміс картографы Мартин Бехайм глобус жасайды. Бұл алғашқы сақталған глобустардың бірі. Бұл глобуста Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Онда Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, яғни Еуропадан Шығыс Азияға дейінгі аралықты мұхит алып жатыр. Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).


3. Карта және оның түрлері?

Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.[1]

Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.



Картаны аумақты қамтуына қарай:

    • дүниежүзілік,

    • құрлықтық,

    • жеке елдер карталары, т.б.

Мазмұнына қарай:

    • жалпы географиялық

    • тақырыптық, т.б.

Масштабына қарай:

    • ірі масштабты — 1:200 000 және одан ірі,

    • орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін

    • кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі.



Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің,жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудыңелді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пеншаруашылықтағылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрліқұрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады; [1]

Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.


  1. Билет  №4

1. Географиялық бойлық, ендік, географиялық координаталар ұғымы және координатаны анықтау?

Географиялық координаттар(лат. со — бірге, ordinatus — реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвичобсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді. Солтүстік жарты шарда — оң, оңтүстік жарты шарда — теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.


2. Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі?

Тау жыныстары — жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:

  • магмалық тау жыныстары

  • шөгінді тау жыныстары

  • метаморфтық тау жыныстары

Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз — тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы,кварц, пирит), ал полиминералды дегеніміз — бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар:

  1. Жер бетіндегі үдерістердің кезіндегі шөгінді тау жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып өсуі немесе бөлінуі;

  2. Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы; және

  3. Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың қатты күйіндегі қайта кристалдануы.

Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.

Шөгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:



  1. Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;

  2. Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін саз минералдардың ұсақ жиынтықтары;

  3. Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды көрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит);

  4. Кәлситтің кесекаралық шөкпесі немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;

  5. Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір).

Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын көрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді.

Метаморфозды тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:



  1. Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін кристалды минералдардың жиынтықтары;

  2. Теңмөлшерлі және еркін бағытты теңмөлшерлі емес минералдардың кристалды жиынтығы;

  3. Жапсарлы, ангедралды, кейде сорайған минералдардың өте ұсақ дәнді жиынтығы.


3. Литосфера қабаты дегеніміз не?

  • Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.[2]

  • Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

  1. Билет  №5

1. Жердің ішкі құрылысы қандай?

Жер  Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жерэллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.



Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер — жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:

  1. жер қыртысы,

  2. мантия,

  3. ядро.

Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегізсейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, E, F, G. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А – Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары – Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100 – 220 км, мұхиттардың астында 60 – 220 км. Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғарғы температура мен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400 – 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D´ (900 – 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 – 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. 


2. Жердің сыртқы қабығы қандай бөліктерден тұрады?

  • Литосфера [1] — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосфераменшектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.[2]

  • Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.[3][4][5]

  • Литосфера - жердің қатты қабығы.

Жердің сыртқы қабаттары. Атмосфера – Жердің газды сферасы. Жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Құрамында 78,08% азот; 20,95%; оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмір қышқыл газы бар, ал қалған 0,04% неон, гелий, су буы, шаң және басқа заттардан құралған. Атмосфераның жоғарғы шекарасы әлі анықталмаған. Атмосфера бірнеше қабатшаларға бөлінеді: тропосфера – 8-15 км биіктікке дейін, стратосфера – 8-15 ден 100 км-ге дейін және одан әрі ионосфера. Атмосфералық агенттер – күн сәулесі, атмосфералық электр заряды, жылулық ауытқуы, жел, атмосферадағы су буы — үлкен геологиялық жұмыс атқарады. Тау жыныстарының мүжілуі, мүжілген заттардың тасымалдануы және олардың шөгуі осы атмосфера агенттері ықпалымен жүреді. Гидросфера— Жердің үзілмелі су қабығы. Құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және мұз жамылғылары жатады. Гидросфераның негізгі бөлігін мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары құрайды; континенттегі тұщы сулардың көлемі барлық гидросфераның 0,3% ғана алады. Құрлықтағы барлық сулардың тұщы сулары тек 3% құрайды және оның 2/3 мұз күйінде болады. Сондықтан адамзат пайдаланатын тұщы су мөлшері тапшы болып есептеледі. Гидросфераның жоғарғы шекарасы анық белгіленген, ол мұхит пен теңіздердің беті. Төменгі шегі күрделі, жобалап айтқанда мұхиттардың  астымен сәйкестенеді. Гидросферада тұздар мөлшері 5х1016 т. Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығы 3% болады. Теңіз жер өмірінде өте маңызды агенттердің бірі. Теңіз ортасы үлкен биохимиялық фактор, үлкен тұз кені. Теңізде көптеген шөгінді тау жыныстары пайда болған: әк, бор, мұнай, фосфорит, глауконит, калий тұздары. Теңіз суы  көптеген тау жыныстарын ерітетін орын және денудация факторы. Биосфера — Жердің тірі организмдер қоныстанған қабаты. Академик Вернадский В.И. биосфераны өмір аймағы деп атаған. Әр деңгейде ол атмосферада, гидросферада және жер қыртысында  орналасады. Тірі организмдердің таралған төменгі шегі қысыммен және температурамен анықталады. Құрғақ жерде тірі организмдер 3-4км тереңдікке дейін байқалды. Ал мұхитта әр түрлі фауна 11000км тереңдікте де табылған. Атмосфераның 8-10км биіктігінде де  организмдер кездеседі. Организмдердің құрамына 60-тан аса элементтер кіреді. Олар көбінесе О, Н, С, Са, Мд, К т.б. элементтер мен заттардан құралған. Олардың кейбір химиялық элементтердің жиынтығы ретінде маңызы бар, мысалы: шымтезек, көмір құрамында көміртек көп, әкте, борда – кальций мен көміртек көп, ал фосфоритте – фосфор мол.  Топырақтың, тау жыныстарының, қазба байлықтардың түзілуіне жануарлар мен өсімдіктердің тигізген әсері өте зор.


3. Тау дегенмізі не? Қандай түрлерге бөлінеді?

Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен КавказПиреней) немесе доға тәрізді (АльпіКарпат) көтерілімдер болып келеді.

Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: ЖотаТау Жүйесітау массивітаулы қыраттаулы үстірттау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник. аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник.Таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері – шыңыбасыжоныбеткейіетегіөзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау – Хантәңірі (6995 м).[1]

\


  1. Билет  №6

1. Жазық дегеніміз не? Неше түрі бар?

Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы.

Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді.



Жазық — салыстырмалы биіктігі бірдей және географиялық құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс. биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен төмен жататын), ойпатты (абсолюттiк биіктігі 200 м-ге дейін), қыратты (абсолюттiк биіктігі 200-ден 500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абсолюттiк биіктігі 500 м-ден жоғары) болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс, дөңес Ж. деп бөледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, жонды-төбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық түрлері бар. Бастапқы Ж. теңіз суының қайтуы нәтижесінде құрлықта пайда болады (мыс., Каспий ойпаты ежелгі теңіз шөгінділерінен түзілген). Аккумуляттік Ж. жер бетінің төмен түскен тұстарына аллювийлік, көлдік, желдік, флювиогляциялық, т.б. борпылдақ жыныстар қат-қабатының ұзақ уақыт қорлануынан құралады. Жанартаулық Ж. базальтті лавалардың жойылуы нәтижесінде бұрынғы кедір-бұдырлардың тегістелуінен пайда болады. Денудациялық Ж. тау жыныстарының үгітіліп немесе су эрозиясына шалынып тегістелуінен құралады. Денудациялық Ж-тарда бұрынғы таулардың жұрнақтары жиі кездеседі (мыс., ұсақ шоқылы Сарыарқа жазығы). Ж. құрлықтардың 15 — 20%-ін алып жатыр. Жер бетіндегі ірі Ж-тар — Амазона, Шығ. Еуропа, Бат. Сібір және өлы Қытай жазығы. Олардың әрқайсысының аумақтары бірнеше млн. км²-ді құрайды. Жазық пайда болуы жөнінде мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. байырғы немесе бастапқы;

  2. аккумулятивті немесе үйінді:

    1. аллювиалды

    2. көлдік — төмен түскен көлдің орнында

    3. желдік — желдің үрлеуінен;

  3. флювиогляциальдық (мұздық-өзендік), көбінесе мұздың өзендердің ысырынды конусынан пайда болады

  4. вулкандық (лавалық) үстірт

  5. қалдық жазық.[1]


2. Литосфералық тақта дегеніміз не?

Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысыастеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунамитолқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1—2 см-ден 10—12 см-ге дейін жететіндігі анықталған. [1]


3. Ядро, мантия дегеніміз не? Олардың құрылысы қандай?

Жердің ең сыртқы қатты қабаты жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Латынша «литос» тас деген мағына береді. Литосфераның орташа қалыңдығы 5-80 шақырым, кейбір ғалымдар 250 шақырымға жетуі мүмкін дейді.

Биік таулы аудандарда жер қыртысының қалыңдығы 70-80 кмге дейін жетеді. Жердің ішкі құрылысы мынадай қабаттардан тұрады: жер қыртысы, мантия, ядро. Жердің ішкі құрылысын анықтауда жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызы зор. Жердің ішкі құрылысының ерекшеліктеріне қарай белгілі бір тереңдіктерде таралу жылдамдығының өзгеруіне байланысты Жер шарының ішкі құрылысы үш қабаттан тұратыны анықталған.

Жердің орталық өзегін ядро алып жатыр. Ядро темір мен никельден тұрады. Ядро сыртқы және ішкі ядро болып бөлінеді. Сыртқы ядро балқыған күйде, ішкі ядро қатты шар түрінде болады. Жер қыртысынан 2900 км- ге дейінгі аралықты мантия қабаты алып жатыр.

Мантия грекше жамылғы деген мағына береді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%- ын құрайды.

Литосфералық тақталар мантияның беткі қабаты астеносфера бетімен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған.

Жер серіктерімен зерттегендегі өлшеу жұмыстарының нәтижесінде тақталардың жылына орташа есеппен 2-5 жылдамдықпен қозғалатындығы анықталған. Жер қойнауын толтырып жатқан заттарды тау жыныстары деп атайды. Тау жыныстары шығу тегіне қарай үшке бөлінеді: шөгінді, магмалық, метаморфты.

Жер астындағы балқып жатқан отты заттан пайда болған тау жыныстары магмалық деп аталады. Магма грекше былғама, жердің терең қойнауында жоғары қысым мен температура жағдайында түзілетін отты қоймалжың зат. Магмалық жолмен пайда болған тау жыныстарына базальт, гранит жатады.

Жер қыртысының бетінде су, жел, т.б сыртқы күштердің әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді жыныстар деп аталады.Шөгінді жыныстар органикалық, кесек, химиялық болып бөлінеді. Судағы және құрлықтағы жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. Өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздегі өте майда жәндіктердің қалдықтарынан бор құралады.

Жердің терең қабатына батқан магмалық және шөгінді жыныстар үстінгі тау жыныстарының салмағына және жоғары температураның әсеріне ұшырап, өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары метаморфты жыныстар деп аталады (грекше метаморфоза –өзгеру). Метаморфозаның әсерінен әктас- мәрмәрға, құмтас- кварцитке айналады.

Жанартау - көмейінен қоймалжың отты зат лава тасып төгілетін конус формалы тау. Жанартаудың көмейі, кратері болады. Кратер жанартау көмейінің жоғары бөлігіндегі тостаған тәріздес шұңқыр.

Жер шарында 800 астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.

Жер бедері дегеніміз - жер бетінің тегіс емес, ойлы -қырлы болып келуінің жиынтығы. Мысалы, таулы жер бедері немесе жазықты т.б жер бедерлерінің түрлері кездеседі. Жер бедерінің пішіндерінің қалыптасуына ішкі күштер мен сыртқы күштер әсер етеді.

Ішкі күштерге (эндогендік): тау түзілу, жер сілкіну, жанартаулық атқылаулар, тақталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары жатады. Сыртқы күштерге (экзогендік): күн сәулесі, климат, су ағыны, үгілу. Жер бедерін зерттейтін ғылым геоморфология деп аталады.

Тау- айқын байқалатын етегі, беткейі, шыңы бар жазықтардан оқшау жатқан жер бетінің көтеріңкі бөліктері. Таулар биіктігіне қарай үшке бөлінеді: аласа, орташа, биік. Биіктігі 500-1000 м дейінгі таулар аласа таулар, биіктігі 1000- 2000 м дейінгі таулар орташа таулар, 2000 м жоғары таулар биік тауларға жатады.

Жер шарындағы ең биік тау шыңы Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы. Биіктігі 8848 м. Бұл шыңды адамзат баласы 1953 жылы бағындырған. Джомолунгма непал тілінен аударғанда «таулардың ана құдайы» деген мағына береді. Бұл шыңды Қ.Уалиев басқарған альпинистер тобы 1982 жылы бағындырған.

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабы жазық деп аталады. Жазықтардың негізгі екі түрі болады: тегіс және төбелі. Абсолют биіктігіне қарай жазықтар үшке бөлінеді.Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м ден төмен жазық ойпат деп аталады.Ойпаттар физикалық карталарда жасыл бояумен көрсетіледі. Мысалы: Амазонка, Каспий маңы ойпаттары.

Жер шарындағы ең үлкен ойпат - Амазонка ойпаты.Амазонка ойпаты Оңтүстік Америка материгіндегі Бразилия мемлекетінің аумағын алып жатыр. Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жазықтар қыраттар деп аталады. Мысалы: Жалпы Сырт қыраты. Абсолют биіктігі 500 м ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Мысалы: Бетпақдала, Торғай, Орта Сібір таулы үстірттері.



Жер бедерінің өзгерістерінің басты қозғаушы күші болып күн сәулесі мен соған сәйкес климаттық өзгерістер саналады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі және сыртқы күштердің ұзақ уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі болып саналады.



  1. Билет  №7

1. Жанартау дегеніміз не? Оның түрлері? Құрылысы қандай?

Жанартау,вулкан — Жер қабатының тереңдегі жарылыдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конуснемесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі.

Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері – пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.

Жанартау атауы

Орналасқан орны

Биіктігі, м

Аймақ

Охос-дель-Саладо

Чили Андылары

6893

Оңтүстік Америка

Льюльяйльяко

Чили Андылары

6725

Оңтүстік Америка

Сан-Педро

Орталық Андылар

6159

Оңтүстік Америка

Котопахи

Экваторлық Андылар

5897

Оңтүстік Америка

Килиманджаро

Масаи таулы үстірті

5895

Африка

Мисти

Орталық Андылар

5821

Оңтүстік Америка

Орисаба

Мексиканское нагорье

5700

Солтүстік және Орталық Америка


2. Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым?

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді: 1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон 2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар 3.Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар. Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).


3. Дүние жүзілік мұхиттың қандай бөліктері бар?

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: ТынықАтлантҮнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.



Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқта болып көрінеді- оның бетінің 70% астамын су басып жатыр. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады. [1] Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас суқабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхитқұрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрологиярежимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасысубтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3, өзен мен көл суы 23250 км3, су булары 13000 км3. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды.











































  1. Билет  №8

1. Мұхит cуының қозғалыстары, ыстық және суық ағыстар?

Мұхит ағыстары — мұхиттар мен теңіздер суының ұдайы, мезгіл-мезгіл, қысқа мерзім бойы жылжып тұруы; мұхиттық ағыстар, түрлі күштердің әсерінен болатын теңіздер мен мұхиттардағы су массаларының жылжымалы қозғалысының үрдісі.

Ағыстар жылы да, суық та болады. Егер ағыс суының температурасы қоршап тұрған су температурасынан жоғары болса, оны жылы ағыс деп, ал кері жағдайда суық ағыс деп атайды. Ағыс судың беті мен тереңдігінде де үлкендікішілі қабаттарды қамтиды. Сондықтан оны беттік, су астылық немесе тереңдік түптік ағыс деп бөледі. Шығу тегі бойынша ағыстар ықпа (желдің су бетін сүйкей соғуы әсерінен), ағындық (мұхиттың бір жағына жиналған көп судың лықсуы әсерінен), компенсациялықтолықтырма (мұхиттың бір жағындағы су олқылығын толтырып тұратын ағыстар) болып бөлінеді. Жердің тәуліктік айналуының әсерінен ағыстың алғашқы бағыты Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқып тұрады. Ағыс атмосфера мен желдің қысымынан су тығыздыктарының әр түрлі болып келуінен және бір бассейндегі су олқылығын екінші бассейннен лықсыған судың толықтыруынан пайда болады. Материктер ағыстың жылжу бағытын бұруға әсер етеді. Жалпы атмосфера циркуляциясының барлық жүйесінің мезгілдік орын ауыстыруымен бірге мұхит және теңіз ағыс жүйесі де жоғарғы ендікке қарай мезгілдік орын ауыстыруда болады. Кейбір ағыстар ауыспалы болып тұрады (жылдың бір бөлігінде суық, екінші бөлігінде жылы). Ағыс материктердің таяу бөліктерін ысытып немесе суытып олардың климатына үлкен әсер етеді.[1]

Теңіз ағыстары әр түрлі ерекшеліктеріне қарай былайша сараланады: шығу тегіне байланысты — желдің теңіз бетімен үйкелісінен туындайтын (ығу ағысы, желдік ағыс), температура мен тұздылықтың біркелкі үлестірілмеуінен туындайтын (тығыздық ағыстар), деңгей i еңістігінен туындайтын (ағынды ағысы, i градиенттік ағыс, компенсациялық) және т.б. мерзімдік Тұрақтылығына қарай — тұрақты, уақытша, кезеңдік (мысалы, су көтерілуімен болатын), тік бағыттағы орнына қарай су үсті, бет асты, аралық, терең, су түбі ағыстары, физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай — жылы, суық, тұздылығы жоғары және төмен ағыстар. Теңіз ағысының бағытына жердің айналу күші үлкен ықпал жасайды (кориолис күші). Кориолис күші теңіз ағыстарын солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда солға бағыттайды.[2]




2. Дүниежүзілік мұхит суының басты қасиеттерін ата?

Каталог: uploads -> doc -> 0a89
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a89 -> Білімділік. Өтілген сөз таптарын қайталау, сан есім туралы түсіндіру барысында жаттығулар орындау
0a89 -> Сабақтың тақырыбы: "Етістіктің шағы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет