1. Физикалық география нені зерттейді?


Градустық тор дегеніміз не?



бет4/4
Дата06.07.2018
өлшемі0,84 Mb.
#47761
1   2   3   4

1. Градустық тор дегеніміз не?

Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөліктерінің картасын жасаудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Бұл әдістер бәрінен бұрын меридиан және параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.
Меридиан бойынша тілімдердің құрастырылған Дүние жүзі картасында меридиандар – өзара тең, түзу сызықтар. Параллельдер оларға кесе - көлденең түзу сызықтар түрінде жүргізілген. Олардың ұзындықтары экватордан полюстерге қарай глобустағыдай қысқара бермейді., бір - бірімен тең қалпын сақтаған. (бұл нені көрсетеді?)
Картада меридиандардың шетіне – бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады.
Глобустың және карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы деп атайды.
Градус торын пайдаланып, картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтайды


2. Демографиялық саясат?

Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолменреттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясатшеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамығанжәне дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.[1]

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:[2][өңдеу]


  • экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туған кезден әртүрлі жәрдемақыларбаланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылартағайындау; қарыздарнесиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);

  • әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелеражырасуотбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмысістейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);

  • қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.


3. Дүние жүзіндегі мемлекеттер?
Дүние жүзіндегі мемлекеттер. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 230-ға жуық мемлекет бар. Олар бәрінен бұрын аумағы және халқының саны жөнінен ерекшеленеді. Аумағының үлендігі жөнінен әлемнің 7 елі ерекше көзге түседі. Олар: Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы және Үндістан. Біздің еліміз жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орынды алады. Бұл мемлекеттердің бәрінің ауданын қоса есептегенде бүкіл құрлықтың жартысынан асып түседі. Осындай алыптар мен өте шағын мемлекеттер де бар. Мәселен, Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан Ватикан мемлекетінің жер көлемі 1 км²-ға халқы 1000ға жетпейді. Дүние жүзінде халқының саны 100 млн-нан асатын 10 мемлекет бар. Олардың үлесіне бүкіл жер шары халқының 60% -ы тиеді. Халқының саны жөнінен Қытай Халық Республикасы 1-ші орын алады. Халқы 1 млрд 300 млн-нан астам. Бұған керісінше Еуропаның орталығында орналасқан кішкене мемлекеттердің халқы 20-30 мыңнан аспайды. Ал, Тынық мұхитының шағын аралдарындағы кейбір елдердің халқы 10мыңға да жетпеді.

Билет 2

1.ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УАЛИХАНОВтың географиялық зерттеулері 


Шоқан Шьңғысұлы Уәлихановтың (1835—1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл озық идеяларды таратуға кұлшына ат салысты, орыс және қазақ халықтарының шынайы достығын шыңдауға игі істер тындырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол «қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстырын» дәлелдеп берді.

Ш. Ш. Уәлихановтың география саласындағы саяхатшылық, әрі творчестволық қызметіне ерекше түрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш. Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.

«Европаша толық білімдар тұңғыш казақ» (Ф. М. Достоевский) он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген петрашевшіл С. Ф. Дуровпен, жазушы Ф. М. Достоевскиймен, аса көрнекті географ — ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И. Н. Березинмен, Н. М. Ядринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас Шоқанның көзқарастарының калыптасуына шешуші ықпал етті.

Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның қабырғасынан толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В. И. Вагин, Г. Н. Потанин, Н. Ф. Аныенский және т. б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді.

Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман оқытушылар сабақ берді. Оның оқу программасына басқа пәндермен қатар жалпы география, Россия географиясы, геодезия, жаратылыстану ғылымдары және т. б. пәндер кірді. Географияға пәні ретінде сол сияқты этнография мен антропология, түрліше тәсілдерді оқып үйрену, тілдерді саралап жіктеп, оларды негізгі топтарға бөлу, әр түрлі халықтарды діни ұғымдар мен тіршілік харакетіне қарай талдау мәселелері де енгізілді. Россияның экономикалық географиясы үйретіліп, оған статистика, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қосылды.(2)

Азия елдерін (Қытайды, Үндістанды, Ауғанстанды, Персияны) Тұранның (Бұқар, Қоқан, Хиуа) хандықтары болып географиялық және саяси бөлінуін оқып-үйренуге баса назар аударылды. Бұл елдердегі халықтардың шығу тегіне, таралуына, діни және тұрмыстағы әдет-ғұрыптарына зер салынды.

Кадет корпусында Қазақстан географиясы негізінен әскери-стратегиялық жоспарда үйретілді. Қазақ далаларының шекаралары, жердің,  өзен-көлдердің сипаты, қарым-қатынас жолдары, керуендер өтетін тау асулары, климат және табиғат жағдайлары, қазақтардың саны, олардың шығу тегі, тілі мен діні, қашан және кімге бағынғаны, қазақтарды басқару ісі, далада бекініс жасау сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.

Ш. Ш. Уәлиханов кадет корпусына оқуға түскенде орыс тілін білмеген. Бірақ өзінің керемет қабілеттілігі мен зеректігі арқасында ол орыс тілін қиналмай, тез арада үйреніп алған. «Шоқан білімге шапшаң жетілді»,— деп еске алады кадет корпусында бірге оқыған жолдасы әрі досы Г. Н. Потанин,— ол тіпті өзінің орыс жолдастарынан суырылып озып шықты... оған талайлар қызыға қарады... қандай қабілетті, оқу орнына түскенге дейін-ақ сурет сала біледі екен».

Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі — өзінің туған ауылы Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне жітірек зор салып, халық өлендерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз қалпында суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз алдыңа айна қатесіз елестетудің бірден-бір оңтайлы кұралы деп есептеген. «Демалыс күндерінде ауылда салынған суреттерді» (І847—1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте жасаған.

Шоқан құс салып, аншылық құрумен де кұмарта айналысқан. «Кадет корпусының ақырғы курстарында,— деп жазды Г. Н. Потанин,— мен казақ даласының географиясы мен этнографиясына қызыға ден қойдым. Сонда Шоқан талай-талай әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруға жәрдемдесті... біз қазақтардың суңқармен аң аулауы туралы қызықты да мол мағлұматтарды дәптерге түсірдік... ол жалықпай майын тамызып айтып отырды, мен жазып отырдым. Сосын ол менің жазып алғандарымды суреттермен көркемдеп, сұңқардың томағасын, тұғырын, дабылдатқышты, дәрі сауытын, мылтықты және т. б. Салды. Сол бір сәттен бастап екеуіміз айырылмастай дос болдық біздің ғылыми мүдделеріміз де өне-бойы қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты — қазақ даласы мен Орта Азияны зерттеуді армандадық».

Г. Н. Потаниннің айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті өте құмарта

Билет 10

1.Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

Қазіргі Қазақстан аумағын адамдар ерте заманнан бері мекен еткен. Сондықтан елді мекеннің көне тарихы сол жердің табиғатынын, тарихы болып есептелінеді. Табиғаттың тарихы сол аймақтағы мекендеген халықтың тарихы бір-бірімен ұштасып жатқандықтан, Қазақстан жеріндегі көне тарихи ескерткіштердің сақталуы сол жердің табиғатының болмысын анықтайды. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны дәлелдейді. Қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдіңсағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. жерлерден табылған. Қола дәуірінде Қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналған. Алтай, Қаратау, Жезқазған және т.б. жерлерден өндірілген темір қорытылып, балқымалардан өткір жүзді құралдар, саймандар жасалған. Сол кезде Қазақстан жерінде өмір сүрген сақ тайпалары мәдениетінің қазылып алынған үлгілерінде бағалы металдардан жасалған әшекейлер көп кездеседі. Оған Алматыға жақын Есік қорғанынантабылған «Алтын киімді адамның» бейнесі нақты дәлел болады. Онда сақ жауынгері алтын әшекейлермен қапталған киіммен жерленген. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстан жері туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ Еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына мәлім болған.


Геродот


Қазақстан туралы алғашқы деректі Геродот (б.з.б. V ғ.) өзінің «Тарихына» кіргізген. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Ғалым теңіздің шығыс жағында «қараса көз жетпейтін ұлан-ғайыр, жазық дала» жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай «тастақты жерлер», «заңғар таулар» (Жалпы Сырт, Орал тауы) барын жазған. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Cap (Еділ), Лик (Жайық), Сергис (Жем) өзендері бейнеленген. Бірақ олардың атаулары мен пішінін көрсетуде көптеген дәлсіздіктер кездеседі. Бұдан кейінгі Қазақстан жайлы мәліметтерді ежелгі Рим ғалымдары Страбон мен Птолемей еңбектерінен кездестіреміз.

Страбо


Страбон (б.з.б. 63-24 ж.) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған. Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған. Арал теңізін Каспийдің шығанағы («Скиф шығанағы») деп есептеген. Ол Сырдария (Яксарт) мен Әмудария (Окс) жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған.

Птолемей


Птолемей (б.з. 90-160 ж.), негізінен, картографиялық бағыт ұстанған. Ол өзінің «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен. Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген. Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген. Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан, Птолемей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты.

Қытай саяхатшылары


Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан Цянъ мен Сюань-Цзан келеді. Олардың жазбаларында Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, ШуТалас өзендері туралы мәліметтер сақталған. Осы және басқа деректерді жинастырып, қытайлықтар сол кездің өзінде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.
2.Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр,иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.[2]

Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Тянь-Шань – Орта және Орталық Азиядағы орасан зор тау жүйесі. Ол 2,5 км шақырымға созылып, бір қатар тұтастай тау жоталарынан құралған. Ақсу-Жабағлы қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан.

Ақсу – Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен  1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық «Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін,олардың барлық ағаш және тал-шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында» құрылғаны атап көрсетілген.Қорықтың көлемі жылдан – жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы –131 934,3 га.

Ақсу – Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы екі мемлекетпен – Қырғызстан  және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысыныңТүлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын  қамтиды.

Қорықта ең биік тау – Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен4238 м. Қазақ халқы бұл тауды «Ақтүйе өлген» деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды.

Қорықтың орталығында биік, мұзды Бұғылытұр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деп аталуы, бұл тауда бұғылар мекендейді.

Қорықтың ең негізгі өзендері – Ақсу және ЖабағылыАқсу – ең ұзын өзен, 120 км-ге созылып жатыр. Мамыр айында Ақсу көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүтке ұқсас болады. Бұл өзеннің аты да соған байланысты қойылған. Кіші Ақсу мен Үлкен Ақсу қосылған жерде тамаша айбынды терең тік аңғарлар – құз-шатқал құралған.

Жабағылы өзені Ақсудан екі есе қысқа, тар, саз қоспаларының әсерінен өзеннің суы сары, кейбір кезде қызыл болады. Өзендер басын таудағы жылжымалы қалың мұз бен қардан алады. Қорықта 114 мұз таулары бар.

Қорықтың аумағындағы көлдің саны   –  27, олардың бәрі өте биікте қар ермейтін жерде орналасқан.

 

  Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы – өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға  бай қазына. Соңғы деректерге қарағанда қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар.

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның аумағында мүктің 63, қынаның  63 -тен астам, балдырдың -64,  саңырауқұлақтың 235, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 17  түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.


3. Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos – жаңа, zoе – өмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген,неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан. Оның басты себебі – оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістанаумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлеріндеГренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған. Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі – Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис батысында – Альпі, Карпат және Динар тауларының етегінен басталып, шығысында – Каспий мен Аралға дейін созылған. Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген. Миоценде Альпі – Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның шығысында, Алтай – Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді. Палеоген кезеңінде экватор, екі тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу қосылған. Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған. Миоцендегі салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік жарты шарда тау мұздықтары пайда болған. Плиоцен дәуірінде экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат белдеулері қалыптасқан. Төрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар (Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде төрт мұзбасу: гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар мұхит деңгейіне өте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде мұхит деңгейі 150 м-ге төмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға көтерілген.

Тіршілік әлемі.


Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары өз мәнін жойған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен скаттар; алғашқы сүтқоректілер – киттерсиреналардельфиндер пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер, яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен.

Кен байлықтар.


Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары –Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран – Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд АрабиясыКувейтКатарВенесуэлаМексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.
Каталог: uploads -> doc -> 0a89
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a89 -> Білімділік. Өтілген сөз таптарын қайталау, сан есім туралы түсіндіру барысында жаттығулар орындау
0a89 -> Сабақтың тақырыбы: "Етістіктің шағы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет