Ащы ішектегі ас қорыту Ересек адамдарда ащы ішектің ұзындығы үш метір шамасында болады.ащы ішектің құрамындағы ас қорытуға қатысатын ферменттер мықын мен ащы ішектің шырышты қабатындағы либеркюн безінде жасалады.
Бір жастан 5-6 жас аралығындағы балаларда ұйқы безі жақсы дамиды.
Ащы ішекте қарында қорытылмай қалған май және белок сыяқты заттар толығымен қорытылады. Ағзаға қажетті тұздар және минералды заттар қан арқылы сіміріледі.
Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішек бүйірінің шырышты қабатында цилиндр тәріздес эпителиден тұратын микробүрлер бар. Ішек сөлінің фермент шоғырлары микробүрлердің қуысында орналасады және олардың концентрациясы жоғары болады. Сол себепті ас қорту қарқынды жүреді. Микробүрлердің беті арқылы ағзаға қажетті пайдалы заттар линфа мен қанға сіңіп отырады. Сол себепті бұны мембраналық ас қорту деп атайды.
Тоқ ішектегі астың қорытылуы. Тоқ ішекте кілегейлі шырыш жасайды. Тоқ ішекте ас қортудың қалдық өнімі су қан мен лимфаға сіміріледі. Сонымен қатар тоқ ішекте өсімдік тектес заттар клечетка сияқты заттар толық қортылады. Тоқ ішекте таяқша бактериялар болады, олардың қызметі зат алмасудың соңғы өнімін сыртқа шығарылуын жеделдетеді. Тоқ ішек ащы ішек пен тік ішектің аралығында орналасқан. Тоқ ішек бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Ас қорытылу тез уақыт аралығында жүреді.
78.Ас қорытудағы бауырдың рөлі Адам ағзасындағы ең үлкен ас қорыту безі бауыр болып табылады. Бауырда май мен көмірсу топталады және қоректік затты сіңіреді және ас қортуға қатысады. Омыртқасыз жануарларда бауыр ұйқы безі болып табылады.
Адам мен жануарларда бауыр күрделі орган. Онда ас қорытуға қатысатын өт жасалады. Ересек адамдарда 1,5 - 2 кг шамасында болады. Кеуде қуысының оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ол төменгі және жоғарғы беттерінен тұрады. Жоғарғы жағы көк етпен жалғасып орналасқан. Оны жоғарғы дөңес деп атайды. Осы беттері сол және оң жақ бөліктерге бөледі. Бауырдың ортасында ойық болады оны бауыр қақпағы деп атайды.
Бауыр метаболизам мен ас қорыту үрдісіне қатысады және қорғаныштық қызмет атқарады. Бауыр арқылы көкбауырдан және ішектен келген заттарды өңдейді әрі залалсыздандырады.
Бауырдың 70-73%-ын су, 2—4 %-ын майлар, 17—18%-ын белоктар болады. Онда А, Д, Е витаминдері және В тобындағы витаминдер кездеседі.
Бауыр қанның мөлшерін реттейді. Қанда глюкозаның мөлшері артса бауырда гликоген түзіледі. Ал қанда қант мөлшері азайса гликоген глюкозаға ыдырайды. Осылайша қандағы қант мөлшері реттеледі.
Бауырда көп мөлшерде белок сақталады. Белоктың алмасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар витаминдердің алмасуынада қатысады. Бауырда А, Д, К витаминдері мен никотин сақталады. Су және хлорлардың алмасуы жүреді. Майлардың алмасуыда жүреді.
Ас қорытуда бауырда түзілетін өттің маңызы өте зор. Өт үздіксіз түзіліп отырады. Бір күнде бауырдан 1000-1800 мл- дей өт түзіліп отырады. Өттің түзілуі холерез деп аталады. Аш қарын кезінде өт ішекке түспейді, өт қалтасында жиналады. Тамақтанған кезде барып өт ішекке түседі.
Өт бауырдың клеткаларынан түзіледі. Құрамындағы арнайы ферменттердің әсерінен түлді заттар қорыталады. Яғни майлар, белоктар, көмірсулардың қортылуына қатысады. Сол үшінде бауыр ас қортатын маңызды орган болып табылады. Өттің көмегімен ағзада белсенді түрде қызмет атқара алады.