1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Лексикалық мағыналы дербес етістіктердің өзіндік белгілері мыналар



бет26/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа
Г.Ж.Тұрдалиева b1661, ytzh ne ms metodichka 20211, Engl 10,11
Лексикалық мағыналы дербес етістіктердің өзіндік белгілері мыналар:
1) заттың қимыл-әрекетін білдіреді: кел, кет, отыр, ал, бер, оқы, бас т. б.
2) сөйлем мүшесі болады, белгілі сұрақтарға жауап береді: Абай енді үнсіз тыйылды да, отырып қалды. (М.Ә.) не істеді? – отырып қалды – баяндауыш.
3) сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түседі: Абай отырып қалды, Абай тыйылды – предикаттық байланыс, үнсіз тыйылды – пысықтауыштық байланыс.
4) сөз тіркесін жасайды: Абай тыйылды – қиысу, үнсіз тыйылды – қабысу.
Тілдің дамуымен байланысты лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен, сөйтіп грамматикалық мағынаны білдіретін көрсеткіш қызметіндегі етістіктер көмекші етістіктер деп аталады. Олар екі топқа бөлінеді: толымды көмекші етістіктер және толымсыз көмекші етістіктер.Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды т.б.
Етістік сөйлемде мынадай синтаксистік қызметтерді атқарады:
Етістіктер жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сүлтан Бейбарыс биыл мектепке барды. Мен жүмысымды жалгастырудамын.
Есімше және түйық етістік атау септікте түрып, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Ізденген жетер мүратқа. Оқу—білім бұлағы.
Есімше және түйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде түрып,
сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Білгенге маржан, білмеске арзан. Біз
енді жарысуға кірістік.
Есімшелер және ілік септігіндегі түйық етістік сөйлемде анықтауыштың қызметін
атқарады. Мысалы: Оқудың шегі жоқ. Ақыл—тозбайтын тон, білім-таусымайтын кен.
Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін
атқарады. Мысалы: Ол күлімсіреп қарады. Оны жеңу үшін күш керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет