1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет73/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

60. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді.
Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:
1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;
2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;
3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;
4. Қате жазылған сөзге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдау жасату;
5. Оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы білімдерін нақтылау, бағдар беру;
6. Диктант мәтініндегі тірек сөздерді тапқызып, сөйлем құрату.
7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздердің прозалық, поэзиялық шығармаларда қолданылуына назар аударту, нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға болады.
Диктанттың өткізілу мақсатына байланысты бірнеше түрлері бар: әріп, буын, сөз, сөздік, сөйлем, түсіндірме, терме, еркін, шығармашылық, көру, өздік, қатеден сақтандыру, бақылау.
Әріп диктанты - әріптер мен дыбыстардың айырмашылықтарын білуге үйретеді. Сондықтан бұр жұмыс түрі бастауыш сыныпта көбірек қолданылады.
Буын диктантының – мақсаты оқушыларға буындарды, үндестік заңын үйрету. Оқушылар буынға бөліп жазу арқылы дыбыстардың буын құрау ерекшеліктерімен танысады.
Сөз диктанты – сөздің белгілі бір ұғымды білдіретініне бағытталған. Аталған диктант буын мен дыбыс, әріп ерекшеліктерін де қамтиды.
Сөйлем диктанты – қазақ тіліндегі сөйлем түрлерін тануға, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтауға үйретеді.
Бақылау диктанты – оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Бұл диктант түрі көлемді тақырыптан соң әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында өткізіледі. Бақылау диктанты туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі, бекіту, қайталау сабақтары өткізіледі. Дайындық жұмыстары оқушы білімін жүйелеумен бірге жақсы нәтижеге жетуге ықпал етеді. Бақылау диктантына тұтас мәтін алынады, диктант тақырыбы, қиын сөздер тақтаға жазылады.
Түсіндірме диктант - өтілген тақырыпты оқушылардың қалай меңгергендігін тексеру мақсатымен бірден мұғалімнің айтуымен жазылып, керекті түсініктер беріледі. Үлгі ретінде оқушының тақтада орындауына болады. Тапсырманың орындалуына бүкіл сынып оқушылары қатыстырылады, ережені есте сақтау мүмкіншілігі жоғары болады.
Еркін диктант – мәтінін мұғалім оқып шыққан соң оқушылар өздігінен жазып шығады, кейін өз жазғандарын негізгі мәтінмен салыстырады.
Өздік диктантын – оқушылар мұғалімнің айтуымен емес, жатқа жазады. Алдын ала оқушыларға сәйкес материалдарды қайталап келу тапсырылады. Мысалы, жаттаған өлеңдерін, мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, жұмбақ, жаңылтпаштар, өткен ережелерді жатқа жаздыруға болады. Кейде оқулықтағы мәтінді бірнеше рет оқып шығып, жатқа жазу ұсынылады, кейін оқулықпен салыстыруға болады. Мәтінді тақтаға жазуға да болады. Өздік диктанты оқушылардың орфографиялық сауаттылығын, өткен тақырыптарды қалай меңгергендіктерін тексерудің тиімді бір жолы болып табылады.


61.Мазмұндама,шығарма,ой толғау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі.Дайын әңгіме,мазмұнды сурет,бейне жазба бойынша мазмұндама түрлері.шығарма мен ой толғау жазуға қойылатын талаптар.жазба жұмыстардың формалары.
Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұнама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама.
Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайта қоныстанды». (33 сөз).
Ал бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, көрген- көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған суреті немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу – ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемденіп алып т.б.) ұғындырылады. Содан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы, келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныптарда түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуы мен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.
Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі.
Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады.
Дайын әңгіме бойынша мазмұндаманың үшінші түрі: мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар І жақта баяндалған оқиғаны ІІІ жақпен, немесе, керісінше мазмұндап береді. 

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың төртінші түрі – ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде әдістемелік әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балаларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін-еркін меңгеріп, қажетті жері алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтіннің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, сөйлем құруға дағдыландырады, тілдерін дамытады. 

Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың бесінші түрі - толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керсінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілі бір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, тағы да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын рөлі орасан зор.
Сурет бойынша мазмұндама. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрінде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала дайындаған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш сыныптарда бір сюжет бейнелейтін бір сурет арқылы да, бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Сонымен бірге бір сюжетке салынған бірнеше сурет бойынша мәтін беріліп, ондағы сөйлемдердің орнын ауыстырып (деформаланған мәтін), ондағы оң жүйесіне қарай түзеттіруге болады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік: «Бүлдірген тере барғанда» сурет бойынша.
1. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балалардың жазғы демалыста не істегендері, не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбінесе жазғы дала көрінісіне көңіл аударады.
2. Тақтаға суретті іледі, оның атын жауып қойып, балаларға суреттегі бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң, мұғалім: - Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген деп ойлайсыңдар? – деген сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі бейнеленген. – Суретте жаз мезгілі бейнеленгенін неден байқадыңдар? 
Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі – оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастырылады. Бұл үшін алдымен мұғалім мәтін таңдап алады. Мәтін сюжетке құралған және жігі оңай ажыратылатындай болуы тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіріле, екі үш рет оқылады. Содан соң әңгіменің оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұраққа сұрақ-жауап арқылы талқыланады. Әңгіменің мазмұнын балалар толық меңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатынын туралы сұралады. Оқушыларға ойлануға уақыт беріледі. Олардың берген жауаптарының ішінен дұрысын таңдап алады. Мұнда мұғалім мәтінді бейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуға тиіс. Бұл суретті мәтінді талдау жұмысы аяқталып, ол бойынша қандай сурет салуға болатыны анықталғаннан кейін тақтаға іледі. Мысалға Ы.Алтынсаринның «Түлкі мен ешкі» әңгімесінің негізінде салынған сурет бойынша ІІ сыныпта өткен мазмұндама сабағын келтірейік: Мәтін: «Бір түлкі далада жортып келе жатыр еді. Ол байқаусызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады. Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның апанда неге тұрғанын сұрады. Түлкі апанның іші салқын, ішінде суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі секіріп апанға түсті. Осыны күткен түлкі ешінің үстіне секірді. Одан апанның сыртына қарғып шығып, қаша жөнелді».
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті құралдардың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күшті. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін білдірген жөн: көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, исін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын тағы басқа. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді.
Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйреткен дұрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте-бірте естеріне түсіруі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп (диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша мазмұндама жүргізу нәтижесіз болатындықтан), біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткенен кейін, ІІ сыныптың «Ана тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып, оның мазмұны сұрақ-жауап арқылы талқыланады. Келесі сабақта балалардан қандай фильм көргендері, онда не жөнінде әңгіме болғаны сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып кеңірек түсіндіру үшін көрсетуге де болады. Қандай да болмасын, кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тілдеріндегі» материалдармен байланыстырады, немесе мұғалімнің өзі алдын ала мәтін құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.
Шығарма және оның түрлері. Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Оқушы тақырып бойынша мәтінді өзінше құрап, өзінше жазады.
Шығарма» терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына түсіріп, түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топтарға бөлуге болады: 1) оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты; 2) экскурсия бойынша; 3) өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрінің спектаклдері т.б.) байланысты; 4) оқушының өз іс-әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.
Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті бола тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасы мына сияқты: ІІ сыныпта 20-30 сөз, ІІІ сыныпта 30-60 сөз, ІV сыныпта 60-130 дейін барады. 

1. Оқушылардың оқыған я естіген әңгімелерін байланысты шығарма жұмысы. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлемді дұрыс құру дағдысын қалыптастыруда, үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, баланың жеке басын қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады. Балалар естерінде қалған сөздерді пайдаланып, ойын білдіру қажетіне жұмсауға үйренеді, оны бойына сіңіреді. Шығарманың бұл түрінің тәрбиелік мәні зор. Мұндағы ұғымды мәселенің бір ұшы өзін қоршаған айналаға сын көзімен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, іскерлік пен кертартпалықты, кішіпейілдік пен дөрекілікті байқайды, бұлар жөнінде өз пікірін, сезімін білдіреді.


Бұл жұмысты мұғалім алдын ала жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Балаларды сөйлеткенде сөйлемдері әрі түсінікті, әрі жүйелі құрылуына, өз пікірлерін білдіруге назар аударған жөн. Сонымен қатар оқушылар айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін мұқият қадағалап осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануына жағдай жасау керек. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады. Сұраққа жауап беру арқылы естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және тілдің көркемдік кестесін пайдаланып, ойларын еркін білдіруге дағдыланады.
1.Экскурсия бойынша шығарма жұмысы. Бастауыш мектепке сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат құбылыстарына, жыл маусымдарына байланыстыра жаздырады. Байқап жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау көп қиындық келтірмейді. Мысалы, қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки теуіп рахаттануы яки қардан аққала соғып, кісі жасап ойнайтын ойындарынан алатын әсерлері жөнінде шығарма жаздыруға болады.
3. Өнер саласына байланысты шығарма жұмыстары. Көркемөнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино, скульптура т.б. бойынша шығарма жүргізуде бақылаумен байқауға негізделеді. Өнердің бұл салаларымен танысу, әсіресе суреттегі бейнелерді оқу, скульптураны оқу – бастауыш оқушылары үшін күрделі де ауыр еңбек. Өйткені суретші баяндап отырған сырды ұғыну кішкене балалар үшін оңайға соқпайды.
Кинофильм, балаларға арналған спектакльдерге т.б. байланысты да шығарма жүргізуге болады. Қазіргі кезде
бастауыш мектептерге арналған 100-ден астам қысқа фильм-әңгімелер мен фильм-очерктер бар. Олардың тақырыптары да алуан түрлі. Бұл фильмдер оқушыларға жыл мезгілдері, жан-жануарлар, балалар өмірі, ауыл мен қала өмірі, адамдардың еңбегі т.б. туралы көркем тілмен баяндап береді. Бұларды мұғалім дүниетану, ана тілі, тіл дамыту сабақтарында және сыныптан тыс сабақтарда пайдаланады. Фильмнің мынадай түрлері бойынша шығарма жүргізуге болады: 
Қысқа метражды көркем фильм. Мұндай фильмдердің мазмұны алуан түрлі. Мұғалім балалардың жас шамасына лайықтап, іріктеп алады. Фильмнің мазмұны балаларды ұжымшыл болуға, қажырлыққа, батылдық пен шыншылдыққа баулып, еңбек сүйгіштік пен интернационалдық, достық рухта тәрбиелеуге тиіс екенін еш уақытта естен шықпауға тиіс. 
Табиғатты суреттейтін фильмдер. Бұл фильмдердің балалардың тілін дамыту мен қатар, оларды байқағыштыққа тәрбиелейді. Мұғалімнің сұраулары арқылы балалар фильмнің қажетті жерлерін салыстыра отырып, ондағы өзгерістерді байқайды, байқағандарын әсерлі тілмен көркемдеп айтып беруге талпынады. 
1,Мультфильмдер. Түрлі ертегілер, күнделікті өмір негізінде жасалған мультфильмдерді балалар қызыға қарайды, олардың мазмұнын түсінеді. Кішкене балалар мұндай фильмдерді нақты шындықтың көрінісі ретінде қабылдайды 2.Диафильмдер. Бұл фильмдер қазақ бастауыш мектептерінде кеңінен қолданылуына толық мүмкіндік бар. Өйткені мұндай фильмдерді көрсету үшін арнаулы киноқондырғылардың қажеті жоқ, ал фильмоскоп барлық жерде бар. 
Оқушылардың өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары. Оқушылардың өзі туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жүргізілетін шығарма жұмыстарын оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топтадық. Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы, балалардың еңбек әрекетіне байланысты «Біз ағашты қалай отырғыздақ», «Мен үйде кеше не істедім», «Мен мамама қалай көмектестім», «Біз Қалай Кезекші Болдық», «Мен құсқа ұя салдым», « Біз мектеп учаскесінде жұмыс істедік», «Біз металдар сынығын жинадық», «Біз қоян өсірдік», «Мен киімдерімді қалай тазалаймын», «Біз бұзау бақтық», «Біз доп ойнадық», «Футбол ойнағанда», «Біздің команда қалай жеңді», «Менің жақсы көретін ойыным», «Мұз айдынында», «Жексенбі күні сырғанақ тептік» т.с.с. тақырыптары бойынша шығарма жүргізуге болады. Шығарма ауызша да, мүмкіндігіне қарай, жазбаша да ұйымдастырылуы қажет.Мұның алдында көрсетілген шығарма жұмыстарының түрлері мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін болса, шығарманың бұл түрін балалар өз беттерімен жинаған материалдары бойынша жазады. Мұнда балалардың ойындары немесе үйде, мектепте, далада істеген жұмыстары жоспармен ұйымдастырылмайды, мәселен, балаларға «Кеше үйде қандай жұмыс істегендерің жөнінде (мамасына қалай жәрдемдескендері) жазыңдар», - деген тапсырма берілсе, олардың әрқайсысы өз істеген жұмыстарын жазады: сондай-ақ «Жексенбі күні қайда болғандарыңды, не істегендеріңді жазыңдар» - деген тапсырма берілсе, балалардың бір қыдырғанын, екіншісі киноға барғанын, үшіншісі ағаш отырғызғанын, төртіншісі ойнағанын т.б.с.с. жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет