1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері



бет30/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері. Үстеу өзіне тән түрлену жүйесі жоқ және мүлдем түрленбейтін сөз табы саналады. Алайда жоғарырақ, төменірек, ілгерірек, кейіндеу, ішкерілеу, тысқарырақ, әрірек, берірек сияқты сын есімнің салыстырмалы шырай тұлғаларын қабылдаған, сондай-ақ ертеңі, бірталайға дейін сияқты зат есімнің түрлендіруші тұлғаларымен келген үстеулерді сөйлемдерден жиі кездестіреміз.
Шырай тұлғаларын қабылдайтын үстеулердің саны шектеулі. Үстеу сөздердің бәрін немесе оның белгілі бір көлемді бөлігін қамтымағандықтан, шыраймен түрлену бүкіл сөз табының грамматикалық ерекшелігі деуге келмейді. Ал зат еімнің формаларын қабылдау – үстеудің сын есім, сан есім сияқты субстантивтенуімен байланысты құбылыс. Мысалы, Еріншектің ертеңі бітпес. Еріншек (адам)ның «ертең» (дейтін сөз)і бітпес.
Мағынасына қарай:

  • Мекен Қайда? Қайдан?(әрі,кері,жоғары т.б)

  • Мезгіл Қашан?қашаннан? (бірсігүні,күні кешке т.б)

  • Себеп-салдар Неге? Не себепті? Неліктен? (құр босқа,бекерге,амалсыз,лажсыздан)

  • Қимыл-сын Қалай? Қалайша?қайтіп? кімше? Неше?( Осылайша,бүйтіп)

  • Мөлшер Қанша? Қаншалық? Нешелеп? қаншалап? (мұншама,анағұрлым т.б)

  • Күшейткіш Қалай? Қандай? (керемет,өңкей,тіпті т.б)

  • Мақсат Қалай? Қандай мақсатпен?

  • Топтау (я саралау) қаншадан,нешеден,қалай-қалай? Бас-басына


25.Көмекші сөздер.Көмекші сөздерден негізгі сөздерден айырмашылығы.олардың үш топқа бөлініуы:көмекші етістіктер,көмекші есімдер,шылаулар
Көмекші сөздер-лексикалық мағынада айырылып,грамматикалық қызметке ауысқан,сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп,түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер.Мысалы:ең әдемі,көре алады,барса екен,т.б.
1.көмекші есімдер-негізгі сөздерге телене жұмсалып,олардың кеңестікке (мекенге),уақытқа (мезгілге)қатысын толықтырып,нақтылап тұратын сөздер.Оған:арт,түс,бой,қас, сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады.Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады.Мысалы:өзеннің бойы,қаланың маңы.Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды.Негізгі сөздермен тіркесіп барып сөйлемнің бір мүшесі болады.Мысал:ауылдың жаны –терең сай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет