1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Ата-ана құқықтарынан айыру



бет119/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Ата-ана құқықтарынан айыру – бұл өз міндеттерін орындамаған не өзінің ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, өз баласына қатысты кінәлі іс-әрекет жасаған ата-анаға қолданылатын жауаптылық шарасы.
НОТЗ 67-бабы ата-ана құқықтарынан айыру негіздерінің шектеулі тізімін белгілейді. Оларға:
1) ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаруы;
2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартуы;
3) өздерінің ата-ана құқықтарын теріс пайдалану;
4) балаларға қатыгездік көрсету, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасауы, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасауы;
5)заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылуы;
6) өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасауы жатады.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы тұлғаларға: ата-аналардың біреуі; ата-ананы ауыстырушы тұлғалар, яғни асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар; прокурор; кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнінде міндеттер жүктелген органдар немесе ұйымдар (қорғаншы және қамқоршы орган, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер). Мұндай істер бойынша жауапкер ретінде тек ата-аналардың бірі ғана болады.
Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
Істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімінде бала кімге тәрбиеленуге берілетіндігі көрсетілуі тиіс: Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін АХАЖ органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет